Инструкция по эксплуатации Samsung GE88SSTR

Страница 90

Advertising
background image

26

ҚАЗАҚША

ҚОЛМЕН ЖІБІТУ

Микротолқындар мұздатылған тағамды жібітуге тамаша жарайды. Микротолқындар

мұздатылған тағамдарды аз уақыт ішінде баппен жібітеді. Бұл күтпеген жерде қонақ

келе қалған жағдайда, сізге үлкен көмек.

Мұздатылған құс етін әбден жібітіп барып пісіру қажет. Металл сымдары болса алып,

орамынан шығарып, аққан сұйықты сорғытыңыз.

Мұздатылған тағамды ыдысқа салыңыз, қақпақ жаппаңыз. Орта шегіне келгенде

аударыңыз, сұйығы болса дереу ағызыңыз.

Тағамды жиі-жиі тексеріп, жылып кетпегеніне көз жеткізіңіз.

Мұздаған тағамның кішкене және жұқа бөліктері қыза бастаса, оларды кішкене

алюминий фольгадан жасалған таспамен орап қоюға болады.

Құс етінің сыртқы жағы қыза бастаса, жібітуді тоқтатыңыз да, 20 минут күте тұрып,

содан кейін жалғастырыңыз.

Балық, ет және құс етін әбден жібіту үшін қоя тұрыңыз. Тағамды әбден жібітуге қажетті

уақыт, жібітілетін тағамның мөлшеріне қарай әртүрлі болады. Төмендегі кестеге

қараңыз.

Ақыл-кеңес: Жалпақ тағам қалың тағамға қарағанда, кішкене

тағам, үлкен тағамдарға қарағанда тез жібиді.

Тағамды мұздату мен жібіту кезінде осы кеңесті есте

ұстаңыз.

Температурасы шамамен -18-ден -20 °C дейінгі мұздатылған тағамдарды жібіту үшін

төмендегі кестеге сүйеніңіз.

Мұздаған тағамдардың барлығын жібіту параметрі (180 Вт) бойынша жібіту керек.

Тағам

Мөлшері

Уақыт (мин)

Қоя тұру уақыты (мин)

Ет
Фаршталған ет

250 г

6½-7½

5-25

500 г

10-12

5-25

Шошқа стейгі

250 г

7½-8½

5-25

Нұсқаулар
Етті жалпақ керамика табаға қойыңыз. Жұқа жерлерін алюминий

фольгамен жабыңыз. Жібітудің орта тұсына келгенде аударыңыз!

Құс еті

Тағам

Мөлшері

Уақыт (мин)

Қоя тұру уақыты (мин)

Тауықтың кесек

еттері

500 г (2 дана)

14½-15½

15-40

Бүтін тауық

900 г

28-30

Нұсқаулар
Алдымен, тауық еттерінің терісі бар жақтарын төмен қаратып салыңыз,

бүтін тауықтың төсін керамика табаққа қаратып салыңыз. Қанаттарының

ұштары тәрізді жұқа жерлерін алюминий фольгамен жабыңыз. Жібітудің

орта тұсына келгенде аударыңыз!

Балық
Балық филесі

250 г (2 дана)

6-7

5-15

400 г (4 дана)

12-13

Нұсқаулар
Мұздатылған балықты керамика табақтың ортасына салыңыз.

Жұқа жерлерін қалың жерлерінің астына салыңыз.

Жұқа жерлерін алюминий фольгамен жабыңыз. Жібітудің орта тұсына

келгенде аударыңыз!

Жеміс
Жидек

250 г

6-7

5-10

Нұсқаулар
Жемістерді жалпақ, дөңгелек шыны ыдысқа (диаметрі үлкен) салыңыз.

Нан
Булочка

(әрбірі 50 г)

2 дана

½-1

5-20

4 дана

2-2½

5-20

Тост наны/Сэндвич

250 г

4½-5

5-20

Неміс наны

(Бидай+қарабидай

ұны)

500 г

8-10

Нұсқаулар
Булочкаларды дөңгелетіп немесе нанды көлденеңінен, бұрылмалы

табақтың ортасына қойылған ас үй қағазына салыңыз. Жібітудің орта

тұсына келгенде аударыңыз!

GE88SSTR_BWT_DE68-03132V-01_KZ.indd 26

2013-11-30 �� 6:07:33

Advertising