Шамды ауыстыру, 07 шамды ауыстыру – Инструкция по эксплуатации Samsung NV70H5787CB

Страница 103

Advertising
background image

Казақ - 7

01 ОСЫ НҰСҚА

УЛЫҚТЫ ҚО

ЛДАНУ ЖӘНЕ ҚА

УІПСІЗДІК НҰСҚА

УЛАРЫ

Бұл пеш тек үйде тағам пісіруге ғана арналып жасалған.
Пеш іске қосылып тұрғанда, оның ішкі беті күйгізіп жіберерліктей ысып тұрады. Пештің қыздырғыш

элементтеріне немесе ішкі бетіне салқындағанша қол тигізуге болмайды.
Пештің ішіне ешқашан тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды.
Құрылғы ұзақ уақыт жоғары температурада жұмыс істеген кезде, оның беті қызып тұрады.
Тағам пісіру барысында есікті абайлап ашыңыз, себебі ыстық ауа және бу кенет шығып кетуі мүмкін.
Құрамына алкоголь қосылған тағамды пісірген кезде, алкоголь жоғары температурада буланып ұшып,

егер пештің ыстық бөлшегіне тисе өрт шығуы мүмкін.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен тазалайтын

құралдарды қолданбаңыз.
Пеш іске қосылып тұрған кезде, балаларды қауіпсіз жерде алыс ұстау керек.
Пицца тәрізді мұздатылған тағамдарды үлкен торға салып пісіру керек. Егер пісіру науасын қолдансаңыз,

температураның айырмашылығының тым көп болғандығына байланысты деформацияланып қалуы мүмкін.
Ыстық тұрған пеш табанына су құймаңыз.
Тағам пісіру барысында пештің есігі жабық тұруға тиіс.
Пештің табанын алюминий фольгамен қаптамаңыз және оған пісіру науасын немесе қалбырын қоюға

болмайды. Алюминий фольга қызудың шығуына бөгет жасап, нәтижесінде эмаль қаптама бүлінуі және

тағам дұрыс піспей қалуы мүмкін.
Жеміс шырыны пештің эмаль беттеріне кетпейтін дақ қалдырады. Өте сұйық қоспадан жасалған тортты

пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Пештің ашық тұрған есігінің үстіне тағам пісіретін ыдыстарды қоймаңыз.
Есікті ашып-жапқан кезде балаларды алыс ұстаңыз, себебі олар есікке соғылып қалуы немесе

саусақтарын есікке қыстырып алуы мүмкін.
Есікті баспаңыз, оған сүйенбеңіз, отырмаңыз немесе ауыр зат қоймаңыз.
Есікті шамадан тыс көп салмақ салып ашпаңыз.

ЕСКЕРТУ: Құрылғыны тағам пісіріп болсаңыз да электр тоғынан ажыратпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Пеште тағам пісіп жатқан кезде есігін ашып қоюға болмайды.

ШАМДЫ АУЫСТЫРУ

Электр қатері бар! Пештің кез келген шамын ауыстырар

алдында, төмендегі қадамдарды орындаңыз:

• Пешті сөндіріңіз.

• Пешті тоқ көзінен ажыратыңыз.

• Пештің жарықтама шамын және оның қалпағын, пештің табанына

төселген шүберекке қойып қорғаңыз.

• Шамдарды SAMSUNG қызмет көрсету орталығынан сатып алуға

болады.

Prezio Twin_NV70H5787CB_WT_DG68-00532A-01_KK.indb 7

2014-07-11 1:58:50

Advertising