Инструкция по эксплуатации Samsung NV70H5787CB

Страница 101

Advertising
background image

Казақ - 5

01 ОСЫ НҰСҚА

УЛЫҚТЫ ҚО

ЛДАНУ ЖӘНЕ ҚА

УІПСІЗДІК НҰСҚА

УЛАРЫ

Құрылғыны орнатып болғаннан кейін электр желісінен ағыту мүмкін

болуға тиіс. Құрылғыны желіден ағыту үшін оның ашасы қол жететін

жерде тұруға тиіс немесе сымға қолданыстағы ережеге сай айырып-

қосқыш орнатылуға тиіс.

Құрылғы іске қосылып тұрғанда қызып кетеді. Пештің ішіндегі

қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай болу керек.

ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері

қызып тұруы мүмкін. Жас балаларды алыс ұстау керек.

Егер құрылғының бумен немесе өздігінен тазалау функциялары

бар болса, төгіліп қалған заттарды бумен немесе өздігінен тазалау

функциясын бастамай тұрып сүртіп, пеш ішінде ешбір ыдыс қалдыруға

болмайды. (тазалау функциясы бар үлгіге ғана қатысты)

Егер құрылғының өздігінен тазалау функциясы бар болса, өздігінен

тазалау функциясы кезінде өздігінен тазаланатын беттер әдеттегіден

ысып кетуі мүмкін, балаларды алыс ұстау керек.

(тазалау функциясы бар үлгіге ғана қатысты)

Осы пеште қолдану үшін ұсынылған температура істігін ғана

пайдаланыңыз. (температура істігі бар үлгіге ғана қатысты)

Бумен тазалағышты пайдалануға болмайды.

ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне түсіп қалмас үшін, құрылғы шамын

ауыстырар кезде оны электр желісінен ағытып алыңыз.

Түрпілі тазалағыш заттар немесе өткір металл қырғыштарды пеш

есігінің шынысын тазалау үшін пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар

шыны бетіне сызат түсіріп оның шытынап кетуіне алып келеді.

ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері, құрылғыны

пайдаланғанда қызып тұрады.

Қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай болу керек.

8 жасқа толмаған балаларды, үнемі байқап отырмаған жағдайда

құрылғыдан алыс ұстау керек.

Prezio Twin_NV70H5787CB_WT_DG68-00532A-01_KK.indb 5

2014-07-11 1:58:50

Advertising