Инструкция по эксплуатации Samsung GE82VR-WWH

Страница 70

Advertising
background image

14

ҚАЗАҚША

МИКРОТОЛҚЫН ЖӘНЕ ГРИЛЬ ФУНКЦИЯСЫН БІРГЕ ҚОЛДАНУ

Тағамды бір мезгілде қызартып, жылдам пісіру үшін микротолқын және гриль

функцияларын бірктіре қолдануға болады.

ӘРҚАШАН микротолқынға және пешке төзімді ыдыстарды

қолданыңыз. Шыны және керамика ыдыстар, микротолқын тағамға

біркелкі таралуға көмектесетіндіктен микротолқынды пеш үшін

тамаша ыдыс болып табылады.
Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды

ӘРҚАШАН қолғап киіп ұстаңыз.

1. Пештің есігін ашыңыз. Тағамды тордың үстіне

қойыңыз да, торды бұрылмалы табақтың үстіне

қойыңыз. Есікті жабыңыз.

2. ПІСІРУ ҚУАТЫН БАСҚАРУ тетігін тиісті қуат

деңгейіне (

,

,

) қойыңыз.

3. Уақытты УАҚЫТ/САЛМАҚ (

) тетігін бұрап

орнатыңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы

табақ айнала бастайды.

1) Тағам пісе бастайды және пісіп болғаннан кейін

пеш төрт рет сигнал береді.

2) Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі

(минутына бір рет).

3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Микротолқын және гриль аралас режиммен пісіру үшін қажет

микротолқын қуатының ең үлкен мәні 600 Вт.

ЫДЫСТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ

Микротолқынды пеште тағам пісіру үшін, микротолқындар ыдысқа шағылыспай

немесе ыдысқа сіңбей тағамнан өте алатындай болуға тиіс. Сондықтан да,

ыдыс-аяқты дұрыс таңдау қажет. Микротолқынға төзімді деген белгісі бар

ыдысты алаңсыз қолдана беруге болады. Келесі кестеде әр түрлі ыдыс түрлері

және оларды микротолқынды пеште қалай қолдануға болатындығы көрсетілген.

Ыдыс-аяқ

Микротолқынға

төзімді

Түсіндірме

Алюминий фольга

✓ ✗

Тағамның осал жерлері қатты пісіп кетпес

үшін, кішкене қағаздармен жабыңыз.

Фольга пештің қабырғасына тым

жақын қойылса немесе тым көп фольга

қолданылса электр жарқылы пайда болуы

мүмкін.

Браунинг табағы

Сегіз минуттан артық қыздырмаңыз.

Фарфор және керамика

Фарфор, керамика, безендірілген

керамика мен қатты фарфор ыдыстарды,

жиегі металл болмаса әдетте қолдана

беруге болады.

Бір рет қолданылатын

полиэфир картон ыдыстар

Кейбір мұздатылған тағамдар осындай

ыдыстарға оралады.

Фастфуд орамдары
• Полистирол кеселер мен

сауыттар

Тағамды жылыту үшін қолдануға болады.

Қатты қыздырса, полистирол еріп кетуі

мүмкін.

• Қағаз қалта немесе газет

Өртеніп кетуі мүмкін.

• Өңдеуден өткізілген

қағаз немесе ыдыстың

металл жиегі

Электр жарқылы пайда болуы мүмкін.

Шыны ыдыс
• Пеш-үстел ыдыстары

Металл жиегі болмаса, қолдана беруге

болады.

• Осал шыны ыдыс

Тағам немесе сусындарды жылыту үшін

қолдануға болады. Осал шыны ыдыс

кенет қыздырған кезде сынып немесе

жарылып кетуі мүмкін.

GE82VR-WWH_DE68-03926J_KZ.indd 14

2012-01-16 4:52:25

Advertising