Инструкция по эксплуатации Samsung GE82VR-WWH

Страница 66

Advertising
background image

10

ҚАЗАҚША

МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Микротолқындар - жоғары жиіліктегі электромагнитті толқындар; бөлінетін

энергия тағамның пішімі мен түсін өзгертпей пісіруге немесе немесе жібітуге

мүмкіндік береді.
Микротолқынды төмендегі әрекеттер үшін қолдануға болады:

• Жібіту (қолдан және автоматты түрде)

• Пісіру

• Алдын ала қыздыру

Пісіру принципі.
1. Магнетронды түтіктен шыққан микротолқын,

бұрылмалы табақтың үстінде айналып тұрған тағамға

біркелкі таралады. Сондықтан да, тағам біркелкі

піседі.

2. Микротолқындар тағамның түбіне дейін, шамамен

1 дюймге (2,5 см) дейін сіңеді. Содан кейін қызу

тағамның ішінде тарала бастайды да, тағам пісе

түседі.

3. Пісіру уақыты қолданылған ыдыс пен тағамның

сапасына қарай әртүрлі болады:

• Мөлшері және тығыздығы

• Судың мөлшері

• Бастапқы температурасы

(тоңазытқышта болды ма, жоқ па)

Қызу таралған кезде тағамның ортасы піседі де, тағам пештен

алынғаннан кейін де пісе береді. Рецептіде және осы кітапшада

көрсетілген тағамды қоя тұру уақытын, келесіні орындау үшін сақтау

керек:
• Тағам шетінен ортасына дейін біркелкі піседі

• Тағамның бәр жеріндегі температура бірдей

ПЕШТІҢ ДҰРЫС ЖҰМЫС ЖАСАП ТҰРҒАНЫН ТЕКСЕРУ

Келесі қарапайым әрекетті орындау арқылы пештің әрқашан дұрыс жұмыс

жасап тұрғанын тексере аласыз.

Пештің есігін оң жағындағы тұтқаны тартып ашыңыз. Бұрылмалы табаққа бір

кесе су қойыңыз. Содан кейін есікті жабыңыз.
1. Қуат параметрін ПІСІРУ ҚУАТЫН БАСҚАРУ тетігін

бұрау арқылы ең үлкен мәнге қойыңыз.

2. Уақытты УАҚЫТ/САЛМАҚ (

) тетігін бұрап,

4-5 минутқа қойыңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы

табақ айнала бастайды.

1) Тағам пісе бастайды және пісіп болғаннан кейін

пеш төрт рет сигнал береді.

2) Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі

(минутына бір рет).

3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Пештің ашасы сәйкес келетін розеткаға жалғанып тұруға тиіс.

Бұрылмалы табақ пештің ішіндегі орнында тұруға тиіс. Ең үлкен

мәннен басқа қуат мәні қолданылса, суды қайнатуға көбірек уақыт

кетуі мүмкін.

GE82VR-WWH_DE68-03926J_KZ.indd 10

2012-01-16 4:52:24

Advertising