Инструкция по эксплуатации Samsung GE82VR-WWH

Страница 69

Advertising
background image

13

ҚАЗАҚША

АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖІБІТУ ФУНКЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Автоматты түрде жібіту функциясы етті, құс етін, балықты жібітуге

көмектеседі.

Алдымен, мұздатылған тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да,

есікті жабыңыз.
1. ПІСІРУ ҚУАТЫН БАСҚАРУ тетігін Автоматты жібіту

(

) белгісіне қойыңыз.

2. Қажетті салмақты таңдау үшін УАҚЫТ/САЛМАҚ

(

) тетігін бұраңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы

табақ айнала бастайды.

1) Тағам пісе бастайды және пісіп болғаннан кейін пеш төрт

рет сигнал береді.

2) Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі (минутына бір

рет).

3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.

АВТОМАТТЫ ЖІБІТУ ПАРАМЕТРЛЕРІ

Тағамды жібітудің алдында барлық орам материалдарын алыңыз.

Мұздатылған тағамдарды бұрылмалы табаққа қойыңыз.

Пештен сигнал естілген кезде тағамды аударыңыз.

Автоматты түрде жібіту аяқталғаннан кейін тағамды пеш ішіне көрсетілген

уақыт аяқталғанша қоя тұрыңыз.

Тағам Мөлшері

Қоя тұру уақыты Ұсыныс

Ет

200-1500 г

20-60 мин

Шеттерін алюминий

фольгамен жабыңыз.

Пештен сигнал естілген кезде

тағамды аударыңыз.

Құс еті 200-1500 г

20-60 мин

Балық 200-1500 г

20-50 мин

КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ТАҢДАУ

Микротолқын қуатына төзімді ыдыс-аяқтарды қолданыңыз; пластик

сауыттарды, ыдыстарды, қағаз кесе, сүлгі т.с.с. пайдаланбаңыз.
Аралас пісіру режимін (гриль және микротолқын)

қолданғыңыз келсе, тек микротолқын және пешке төзімді

ыдыстарды ғана қолданыңыз.

Жарамды ыдыс-аяқ, керек-жарақ туралы қосымша ақпаратты, 14-ші беттегі

ыдысқа қатысты нұсқаудан қараңыз.

ГРИЛЬ ЖАСАУ

Гриль тағамды микротолқынды қолданбай тез қыздырып, қызартуға

көмектеседі. Сол үшін гриль торы микротолқынды пешпен бірге жеткізіледі.
1. Пісіру қуатын басқару тетігін Grill белгісіне (

) және

УАҚЫТ/САЛМАҚ (

) қалпына қойып, грильді

тиісті температураға дейін қыздырыңыз.

2. Есікті ашыңыз. Тағамды тордың үстіне қойыңыз да,

торды бұрылмалы табақтың үстіне қойыңыз. Есікті

жабыңыз.

3. Уақыт параметрін УАҚЫТ/САЛМАҚ (

) тетігін

бұрап орнатыңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы

табақ айнала бастайды.

1) Тағам пісе бастайды және пісіп болғаннан кейін

пеш төрт рет сигнал береді.

2) Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі

(минутына бір рет).

3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Гриль жасап тұрғанда қыздырғыш қосылып, сөніп тұрса алаң

болмаңыз. Бұл пеш қызып кетуге жол бермеуге арналған жүйе.
Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды әрқашан

қолғап киіп ұстаңыз. Қыздырғыш элементтің көлденең қалыпта

тұрғанына көз жеткізіңіз.

GE82VR-WWH_DE68-03926J_KZ.indd 13

2012-01-16 4:52:25

Advertising