Инструкция по эксплуатации Samsung GE82VR-WWH

Страница 67

Advertising
background image

11

ҚАЗАҚША

АҚАУЛЫҚ ТУЫНДАСА НЕМЕСЕ КҮМӘН ПАЙДА БОЛСА НЕ

ІСТЕУ КЕРЕК

Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып

түзетіп көріңіз.
Бұл қалыпты жағдай.

• Пештің ішінде конденсат пайда болады.
• Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.
• Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады.
• Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығады.
УАҚЫТ/САЛМАҚ (

) тетігін бұраған кезде пеш іске қосылмайды.

• Есік әбден жабылды ма?
Тағам мүлде піспеген.

• Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба?
• Есік жабық тұр ма?
• Электр желісінің жүктемесін арттырғандықтан, сақтандырғыш жанып

немесе айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.

• Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?
• Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?
Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады.

• Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?
• Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып қойған

жоқ па?

• Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын орналасқан жоқ

па?

Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.

• Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл

пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұндай бөгеуілді азайту үшін,

пешті теледидар, радио және антеннадан алыс орнатып көріңіз.

Жоғарыда көрсетілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе,

жергілікті дилер немесе SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

ПІСІРУ/ҚЫЗДЫРУ

Төменде тағамды қалай пісіруге немесе қыздыруға болатындығы туралы

айтылған.

Пешті қараусыз қалдырардың алдында әрқашан пісіру параметрлерін

тексеріңіз.

Алдымен, тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. Содан кейін

есікті жабыңыз.
1. Қуат деңгейін ПІСІРУ ҚУАТЫН БАСҚАРУ тетігін

бұрап, ең үлкен мәнге қойыңыз.

(ЕҢ ҮЛКЕН ҚУАТ: 800 Вт)

2. Уақытты УАҚЫТ/САЛМАҚ (

) тетігін бұрап

орнатыңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы

табақ айнала бастайды.

1) Тағам пісе бастайды және пісіп болғаннан кейін

пеш төрт рет сигнал береді.

2) Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі

(минутына бір рет).

3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан қоспаңыз.
Тағам пісіріп жатқанда қуат деңгейін

ПІСІРУ ҚУАТЫН БАСҚАРУ

тетігін бұрап өзгертуге болады.

GE82VR-WWH_DE68-03926J_KZ.indd 11

2012-01-16 4:52:24

Advertising