Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Samsung GE83DTR-1

Страница 117

Advertising
background image

Қазақша-37

06

АҚА
УЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

АРНАЙЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

САРЫ МАЙДЫ ЕРІТУ

50 г майды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз.

800 Вт қуатпен 30-40 секунд сары май ерігенше қыздырыңыз.
ШОКОЛАДТЫ ЕРІТУ

100 г шоколадты кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. 450 Вт қуатпен 3-5 минут

шоколад ерігенше қыздырыңыз. Ерітіп жатқанда бір немесе екі рет араластырыңыз.

Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
ТҮЙІРШІКТЕЛІП ҚАТҚАН БАЛДЫ ЕРІТУ

20 г қатқан балды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. 300 Вт қуатпен 20-30 секунд

бал ерігенше қыздырыңыз.
ЖЕЛАТИНДІ ЕРІТУ

Құрғақ желатин тақталарын (10 г) суық суға 5 минут салып қойыңыз. Суы сорғыған

желатинді кішкене, шыны пирекс ыдысына салыңыз. 300 Вт қуат бойынша 1 минут

қыздырыңыз. Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз.
БЕЗЕНДІРГІШ/ӘРЛЕГІШ ҚОСПА ДАЯРЛАУ

(ТОРТ ЖӘНЕ КОНДИТЕР ӨНІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН)

Жылдам безендіргіш қоспаларға (шамамен 14 г) 40 г қант және 250 мл суық су

араластырыңыз. Бетін жаппай пирекс шыны ыдысықа салып, 3½ - 4½ минут

800 Вт қуатпен, безендіргіш қоспа мөлдір болғанша пісіріңіз. Пісіріп жатқанда екі рет

араластырыңыз.
ТОСАП ҚАЙНАТУ

600 г жемісті (мысалы, аралас жидек) өлшемі сай келетін, қақпағы бар пирекс ыдысына

салыңыз. 300 г қант салып, жақсылап араластырыңыз. Бетін жауып 10-12 минут 800 Вт

қуатпен пісіріңіз. Қайнатып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз. Бұрама қақпағы бар

тосап банкасына тура құйыңыз. Қақпағын 5 минут жауып қоя тұрыңыз.
ПУДДИНГ ҚАЙНАТУ

Пуддинг ұнтағына, өндіруші нұсқауларына сай қант пен сүт қосып (500 мл), жақсылап

араластырыңыз. Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын қолданыңыз. Бетін

жауып 6½ - 7½ минут 750 Вт қуатпен пісіріңіз. Қайнатып жатқанда бірнеше рет

жақсылап араластырыңыз.
БАДАМ ЖАҢҒАҒЫ ҮЛПЕКТЕРІН ҚЫЗАРТУ

30 г жапырақталып туралған бадам жаңғағын, орташа үлкендіктегі керамика табаға

біркелкі таратып салыңыз. 3½ - 4½ минут 600 Вт қуат бойынша қызартып жатқанда

бірнеше рет араластырыңыз. Пеш ішіне 2-3 минут қоя тұрыңыз. Пештен зат аларда пеш

қолғабын киіңіз!

ақаулықты түзету

АҚАУЛЫҚ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ

Жаңа құрылғыны қолдануға төселгенше әрқашан сәл уақыт қажет. Төмендегі

ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып көріңіз. Бұл

нұсқаулар уақытыңызды үнемдеп, артық қоңырау шалудың алдын алуға көмектесуі

мүмкін.
Келесі жағдайлар қалыпты жағдайлар болып есептеледі.

Пештің ішінде конденсат пайда болады

Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді

Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады

Есіктің маңайынан немесе саңылауларынан бу шығады

Тағам мүлде піспеген.

Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба және СТАРТ ( ) түймешігін

бастыңыз ба?

Есік жабылды ма?

Электр желісінің жүктемесін арттырып, сақтандырғыш жанып

немесе айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.

Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?

Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?

Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.

Пеш жұмыс істеп тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған

бөгеуіл пайда болуы мүмкін Бұл қалыпты жағдай.

Шешімі: пешті теледидардан, радиодан және антеннадан алыс

орнатыңыз.

Пештің микропроцессоры бөгеуіл барын анықтаса, бейнебет

параметрлерін қайта орнату қажет болуы мүмкін.

Шешімі: Ашаны розеткадан суырып, қайта қосыңыз. Уақытты

қайта орнатыңыз.

Жарықтама шамы жанбай тұр.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында шамды пайдаланушы

ауыстырмауға тиіс. Жақын орналасқан Samsung тұтынушыға

қызмет көрсету орталығына хабарласып, шамды ауыстырту үшін

уәкілетті маманды шақыртыңыз.

GE83DTR-1W,GE83DTR-1_BWT_DE68-04111C-01_KZ.indd 37

2013-11-28 �� 4:07:56

Advertising