Инструкция по эксплуатации Samsung ME712AR

Страница 52

Advertising
background image

8

ҚАЗАҚША

МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ОРНАТУ

Пешті тегіс, жазық, еденнен 85 см биік жерге қойыңыз. Пеш

қойылатын бет, пештің салмағын еш қауіпсіз көтере алатындай

мықты болуға тиіс.
1. Пешті орнатқан кезде, пештің артқы жағы мен

екі жақ жанынан кем дегенде 10 см (4 дюйм),

пештің үстінен 20 см (8 дюйм) ашық орын

қалдырыңыз.

2. Пештің ішіндегі орам материалдарының

барлығын алыңыз.

Айналмалы шығырық пен бұрылмалы табақты

орнатыңыз.

Бұрылмалы табақтың еркін айнала

алатындығына көз жеткізіңіз.

3. Микротолқынды пешті оның ашасына қол жететіндей етіп орнату

керек.

Қорек сымына зақым келсе, оның орнына арнайы сым немесе

жинақты, өндіруші немесе дилерден алып салу керек.

Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қорек сымын 3-істікшелі,

230 В, 50Гц, жерге қосылған АТ розеткасына жалғау керек.

Құрылғының қорек сымына зақым келсе, орнына арнайы сым ғана

салынуға тиіс.
Микротолқынды пешті кәдімгі пештің немесе радиатордың қасы

тәрізді ыстық немесе ылғалды жерге қоймаңыз. Пешті қуат көзіне

қосуға байланысты параметрлерін орындау керек, ұзартқыш сым

қолданылса, ол да пеш сымының стандартына сай келу керек.

Микротолқынды пешті ең алғаш іске қоспас бұрын, пештің іші мен

тығыздағышын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

АҚАУЛЫҚ ТУЫНДАСА НЕМЕСЕ КҮМӘН ПАЙДА БОЛСА НЕ

ІСТЕУ КЕРЕК

Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып

түзетіп көріңіз.
Бұл қалыпты жағдай.

Пештің ішінде конденсат пайда болады.

• Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.

• Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады.

• Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығады.

TIMER (ТАЙМЕР) тетігін бұраған кезде пеш іске қосылмайды.

Есік әбден жабылды ма?

Тағам мүлде піспеген.

Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба?

• Есік жабық тұр ма?

• Электр желісінің жүктемесін арттырғандықтан, сақтандырғыш жанып

немесе айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.

Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?

• Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?

Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады.

Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?

• Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып қойған

жоқ па?

• Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын орналасқан жоқ

па?

Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.

Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл

пайда болуы мүмкін Бұл қалыпты жағдай. Бұндай бөгеуілді азайту үшін,

пешті теледидар, радио және антеннадан алыс орнатып көріңіз.

Жарықтама шамы жанбай тұр.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында шамды пайдаланушы ауыстырмауға тиіс.

Жақын орналасқан Samsung тұтынушыға қызмет көрсету орталығына

хабарласып, шамды ауыстырту үшін уәкілетті маманды шақыртыңыз.

Алғаш қолданғанда түтін және жағымсыз иіс шығады.

Бұл жаңа қыздырғыш элементтен уақытша шығатын иіс. Түтін және иіс

10 минут пайдаланғаннан кейін толығымен жойылады. Иісті барынша

жылдам кетіру үшін микротолқынды пешті лимон немесе лимон шырынын

салып іске қосыңыз.

Жоғарыда көрсетілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе,

жергілікті дилер немесе SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

артқы

жағынан

10 см

жоғарыдан

20 см

жанынан

10 см

еденнен

85 см биік

GE712AR_BWT_DE68-04050M-03_KZ.indd 8

2013-11-28 �� 7:47:53

Advertising