Ақаулық себептерін анықтау – Инструкция по эксплуатации Samsung FQ115S003

Страница 151

Advertising
background image

47

KZ

Ақаулық себептерін анықтау

Пеште ақаулық пайда болса, төмендегі нұсқауларға сүйеніп, өзіңіз шешіп

көруге тырысыңыз. Бұл нұсқаулар уақытыңызды үнемдеп, артық қоңырау

шалудың алдын алуға көмектесуі мүмкін.

Тағам шала піскен .

● Таймердің дұрыс мәнге қойылғанын, БАСТАУ түймешігінің басылғанын

тексеріңіз .

● Есікті мықтап жабыңыз .

● Сақтандырғыштың жанып кетпегенін немесе айырып-қосқыштың қосылып

кетпегенін тексеріңіз .

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен .

● Пісіру уақытының дұрыс таңдалған-таңдалмағанын тексеріңіз .

● Қуат мәнінің дұрыс таңдалған-таңдалмағанын тексеріңіз .

Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады .

● Жиектері металл емес, жарамды ыдыс-аяқ қолданылып отырғанына көз

жеткізіңіз .

● Шанышқы немесе басқа металл заттардың пеш ішінде қалып қоймағанына көз

жеткізіңіз .

● Алюминий фольганы қолдансаңыз, оның қабырғаларға тым жақын

қойылмағанына көз жеткізіңіз

Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды .

● Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл пайда

болуы мүмкін . Бұндай бөгеуілді азайту үшін, пешті теледидар, радио және

антеннадан алыс орнатып көріңіз .

Электронды бөгеуіл, БЕЙНЕБЕТ параметрін қайта орнатуға алып келеді .

● Ашаны розеткадан суырып, қайта қосыңыз . Уақытты қайта орнатыңыз .

Пештің ішінде конденсат пайда болады .

● Бұл қалыпты жағдай . Пісіріп болғаннан кейін сүрте салыңыз .

Желдеткіш пешті сөндіргеннен кейін де жұмыс жасай береді .

● Бұл қалыпты жағдай . Желдеткіш пешті сөндіргеннен кейін де үш минутқа дейін

жұмыс жасай беруі мүмкін .

Есіктің маңайы мен корпустың сыртынан жел шығып тұр .

● Бұл қалыпты жағдай .

Есіктің маңайы мен корпустың сыртында жарық шағылысып тұр .

● Бұл қалыпты жағдай .

Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығып кетеді .

● Бұл қалыпты жағдай .

Пеш жұмыс жасап тұрған кезде, әсіресе жібіту режимі кезінде сыртылдаған

дыбыс шығады .

● Бұл қалыпты жағдай .

FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 47

10/09/2012 14:31:31

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: