Микротолқын режимін қолдану (жалғасы), Жылдам және оңай – Инструкция по эксплуатации Samsung FQ115S003

Страница 146

Advertising
background image

42

KZ

Микротолқын режимін қолдану (Жалғасы)

ЖЫЛДАМ ЖӘНЕ ОҢАЙ

Сары майды еріту

50 г сары майды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз . Пластик қақпақпен жабыңыз .

900 Вт қуат бойынша 30 - 40 минут қыздырыңыз .

Шоколадты еріту

100 г шоколадты кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз .

450 Вт қуат бойынша 3 - 5 минут қыздырыңыз .

Ерітіп жатқанда бір немесе екі рет араластырыңыз .

Қатқан балды еріту

20 г қатқан балды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз .

300 Вт қуат бойынша 20 - 30 минут қыздырыңыз .

Желатинді еріту

Құрғақ желатин тақталарын (10 г) суық суға 5 минут салып қойыңыз .

Суы сорғыған желатинді кішкене, шыны пирекс ыдысқа салыңыз .

300 Вт қуат бойынша 1 минут қыздырыңыз .

Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз .

Безендіргіш қоспаны пісіру

Жылдам безендіргіш қоспаларға (шамамен 14 г) 40 г қант және 250 мл суық су

араластырыңыз .

Шыны пирекс ыдыстың қақпағын жаппай, 900Вт қуатпен безендіргіш қоспа мөп-мөлдір

болғанша (шамамен 3½ бастап 4½ минутқа дейін) қайнатыңыз . Пісіріп жатқанда екі рет

араластырыңыз .

Тосап қайнату

600 г аралас жидек тәрізді жемістерді өлшемі сай келетін пирекс ыдысқа салыңыз .

300 г қант салып, жақсылап араластырыңыз .

Бетін жауып 10 - 12 минут 900Вт қуатпен пісіріңіз .

Қайнатып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз .

Бұрама қақпағы бар тосап банкасына тура құйыңыз .

Қақпағы жабылған күйі 5 минут қойыңыз .

Пуддинг пісіру

Пуддинг ұнтағына, өндіруші нұсқауларына сай қант пен сүт қосып (500 мл), жақсылап

араластырыңыз . Өлшемі сай, қақпағы бар, шыны пирекс ыдысын қолданыңыз .

Бетін жауып 6½ - 7½ минут 900 Вт қуатпен пісіріңіз .

Қайнатып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз .

Бадам жаңғағын қызарту

30 г жапырақталып туралған бадам жаңғағын, орташа үлкендіктегі керамимка табаға

біркелкі таратып салыңыз .

3½ бастап 4½ минутқа дейін 600 Вт қуатпен бірнеше рет араластырып қыздырыңыз .

Пеш ішіне 2-3 минут қоя тұрыңыз .

FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 42

10/09/2012 14:31:29

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: