Микротолқынды пешті тазалау, Микротолқынды пешті сақтау және жөндеу – Инструкция по эксплуатации Samsung FQ115S003

Страница 150

Advertising
background image

46

KZ

Микротолқынды пешті тазалау

Май немесе тағам қалдықтары жиналып қалмас үшін пешті мезгіл-

мезгіл тазалаңыз, әсіресе ішкі және сыртқы бетін, есігі мен есігінің

тығыздағыштарын тазалаңыз.

1. Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен жуыңыз . Шайыңыз да,

құрғатыңыз .

2. Пештің ішіндегі қалдықтар мен дақтарды сабынды суға батырылған шүберекпен

тазалаңыз . Шайыңыз да, құрғатыңыз .

3. Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсартып, жағымсыз иісті кетіру үшін бір кесе

сұйылтылған лимон шырынын бос тұрған пештің табанына қойыңыз да, қуатты ең

үлкен мәнге қойып он минут қыздырыңыз .

4. Пештің ішін жуыңыз .

Маңызды

● Саңылауларға су КІРІП КЕТПЕС үшін ерекше сақ болыңыз .
● Жеміргіш заттар немесе химиялық еріткіштерді ЕШҚАШАН қолданбаңыз .
● Есіктің тығыздағыштарына қоқыс жиналып, дұрыс жабылмай қалмас үшін, есік

тығыздағыштарының ӘРҚАШАН таза болуын қамтамасыз етіңіз .

Микротолқынды пешті сақтау және жөндеу

Жөндеу жұмыстарын тек білікті қызмет көрсету технигі жүзеге

асыруға тиіс.

Пешке күтім көрсету қажет болса, пешті электр желісінен ағытып

алыңыз да, жақын жердегі Samsung қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде төмендегі ақпараттар

даяр тұрсын:

Үлгі және сериялық нөмірі (Пештің арт жағынан табуға болады).

Кепілдікке қатысты егжей-тегжейлер

Ақаулықтың қысқа да нұсқа сипаттамасы

Пешті уақытша сақтап қою қажет болса оны, шаң мен ылғал

құрылғыны бүлдірмес үшін таза, құрғақ жерге қойыңыз.

FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 46

10/09/2012 14:31:31

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: