Пештің басқару тетіктері, Керек-жарақтары – Инструкция по эксплуатации Samsung NV70H3340BS

Страница 72

Advertising
background image

Казақ - 12

пештің басқару тетіктері

Алдыңғы жағы
Алдыңғы панельдің тот баспайтын темір, ақ, қара, сарғыш түсті және шыны тәрізді

материалдан жасалған әр түрі бар. Сапаны жақсарту мақсатында құрылғының сыртқы

көрінісіне өзгеріс енгізілуі мүмкін.

керек-жарақтары

Бұл Samsung пеші әр түрлі тағам пісірген кезде қолдануға болатын керек-жарақтың

көптеген түрімен жабдықталған. Келесі керек-жарақтар әр үлгіде әр түрлі берілген.

ЕСКЕРТУ

Керек-жарақтарды пештің ішіндегі сөренің деңгейіне дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.

Науаларды пештің табанынан кем дегенде 2 см алшақ қою керек, себебі эмаль қаптамаға

нұқсан келеді.

Тағам және/не керек-жарақтарды пештен аларда өте сақ болыңыз. Ыстық тағам, пештің

беті мен керек-жарақтарына тисеңіз, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Керек-жарақтар қызып кетсе деформацияланып қалуы мүмкін. Керек-жарақтар суыған кезде

майысқан жерлері олардың функциясына ешбір әсер тигізбей қайта қалпына келеді.

Тор сөре

Тор сөрені тағамнан гриль жасау және қуыру үшін қолдану керек. Сонымен

қатар, кәстрөл және тағам пісіретін ыдыстарды қою үшін де қолдануға

болады. Жақтаудың майысқан жағын көп мөлшерде тағам пісіргенде, салмақ

теңгерімін сақтау үшін артқы жаққа қарай қойыңыз.
Тор сөренің табақшасы (Үлгіге байланысты)

Тор сөренің табақшасын тағамнан гриль жасау және қуыру үшін қолдану

керек. Бұны тағамның сұйығы пештің түбіне тамшыламас үшін қойылатын,

май жинайтын табамен бірге қолдануға болады.

Пісіру науасы (Үлгіге байланысты)

Пісіру науасын (Тереңдігі : 20 мм) торт, печенье және басқа кондитер да

өнімдерін дайындау үшін қолдануға болады. Көлбеу жағын алдыңғы жаққа

қаратып қойыңыз.

Режим таңдайтын тетік

Көп функция таңдау тетігі

Дыбыс режимі Қосулы/Сөндірулі

Аяқтау таймері

Температура

Пісіру таймері

Бейнебет

Алдын ала қыздыру индикаторы

Пештің шамы

Ас үй таймері

Бала қауіпсіздігінің құралы

Уақыт

Neo Lite_NV70H3340BS_WT_DG68-00591B-01_KK.indd 12

2014-07-16 4:38:08

Advertising