Инструкция по эксплуатации Samsung GE86VTRSSH

Страница 82

Advertising
background image

18

ҚАЗАҚША

ҚОЛДАН ҚЫТЫРЛАҚ ЕТІП ПІСІРУ ФУНКЦИЯСЫ (GE86VTR ҮЛГІСІ)

Бұл жұқа табақты қолданғанда тағамның тек үстіңгі жағы ғана гриль

көмегімен қызарып піспейді, сонымен қатар жұқа табақ температурасының

жоғарылығына байланысты, тағамның астыңғы жағы да қызарып, қытырлақ

болып піседі. Кестеден жұқа табақты қолданып пісіруге болатын бірнеше

тағам түрлерін көресіз (келесі бетті қараңыз).

Қызартып пісіру табағын сонымен қатар бекон, жұмыртқа, шұжық т.с.с. пісіру

үшін қолдануға болады.
1. Жұқа табақты бұрылмалы табақтың үстіне тура

қойыңыз да, микротолқын-гриль-аралас [600 Вт +

Гриль (

)] режимін ең жоғары қуат мәніне қойып,

кестедегі уақыт пен нұсқауларды орындай отырып

алдын ала қыздырыңыз.

Жұқа табақты пештен әрқашан қолғап киіп алыңыз, себебі ол қатты ысып

кетеді.

2. Бекон, жұмыртқа тәрізді тағамдарды пісірген кезде, тағамды жақсы

қызарту үшін жұқа табаққа май жағыңыз.

Жұқа табақтың сызат түсуден қорғай алмайтын тефлонмен қапталғанын

ескеріңіз. Пышақ тәрізді өткір затты тағамды жұқа табақ үстінде кесу

үшін қолданбаңыз.
Жұқа табақтың үстіне сызат түспес үшін пластик ас құралдарды

қолданыңыз немесе тағамды жұқа табақтан алып кесіңіз.

3. Тағамды жұқа табақтың үстіне қойыңыз.

Қызуға төзбейтін, мысалы пластик кесе тәрізді

заттарды ешқашан жұқа табақтың үстіне қоймаңыз.
Жұқа табақты ешқашан бұрылмалы табақсыз пешке

қоймаңыз.

4. Қызартып пісіретін табақты микротолқынды пештің

ішіндегі металл торға (не бұрылмалы табаққа)

қойыңыз.

5. Тиісті пісіру уақыты мен қуат мәнін таңдаңыз.

Келесі беттегі кестеге қараңыз.

Жұқа табақты қалай тазалау керек

Жұқа табақты жылы су мен жуғыш заттың көмегімен тазалап, таза

сумен шайыңыз.
Түрпілі шөтке немесе қатты жөкемен тазаламаңыз, себебі беткі

қаптамасына зиян келеді.
Мынаны ескеріңіз

Қызартып пісіру табағын ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.

ҚОЛДАН ҚЫЗАРТЫП ПІСІРУ РЕЖИМІНІҢ

ПАРАМЕТРЛЕРІ (GE86VTR ҮЛГІСІ)

Жұқа табақты бұрылмалы табаққа тура қойып алдын ала қыздыруды ұсынамыз.

Жұқа табақты 600 Вт + Гриль (

) функциясын қолданып 3-5 минут қыздырыңыз.

Кестедегі уақыттарды қолданып, нұсқауларды орындаңыз.

Тағам

Үстелге тарту

мөлшері

Алдын ала

қыздыру уақыты

Қуат

Пісіру уақыты

(мин.)

Бекон

4 тілім (80 г)

3 мин

600 Вт + Гриль

3½-4

Ұсыныстар

Жұқа табақты алдын ала қыздырыңыз. Жұқа табаққа тағам тілімдерін

қатарластыра қойыңыз. Жұқа табақты торға қойыңыз.

Гриль

қызанақтары

200 г (2 дана)

3 мин

450 Вт + Гриль

4-5

Ұсыныстар

Жұқа табақты алдын ала қыздырыңыз. Қызанақтарды екіге бөліңіз. Үстіне

біраз ірімшік себіңіз. Жұқа табақтың үстіне айналдыра қойыңыз. Жұқа

табақты торға қойыңыз.

Картоп

пісірмесі

250 г

3 мин

600 Вт + Гриль

5-6

500 г

8-9

Ұсыныстар

Жұқа табақты алдын ала қыздырыңыз. Картоптарды екіге бөліңіз. Оларды

жұқа табақтың үстіне кесілген жақтарын төмен қаратып қойыңыз. Айналдыра

қойыңыз. Табақты тордың үстіне қойыңыз.

Мұздатылған

бургер

2 тілім (125 г)

3 мин

600 Вт + Гриль

7-7½

Ұсыныстар

Жұқа табақты алдын ала қыздырыңыз. Жұқа табаққа мұздатылған бургерді

қатарластыра қойыңыз. Жұқа табақты торға қойыңыз. 4-5 минуттан кейін

аударыңыз.

GE86VR,GE86VTR_BWT_DE68-03933N_KZ.indd 18

2011-10-13 1:32:58

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: