Инструкция по эксплуатации Samsung ME83MR

Страница 68

Advertising
background image

20

ҚАЗАҚША

МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ТАЗАЛАУ

Микротолқынды пештің келесі бөлшектерін май және тағам

қалдықтары жиналып қалмас үшін мерзімді түрде тазалап отыру

керек:

• Ішкі және сыртқы беттері
• Есігі және тығыздағыштары
• Бұрылмалы табақ пен айналмалы шығырық

Есік тығыздағыштарының таза екенін, әрі есіктің дұрыс жабылатын-

жабылмайтынын ӘРҚАШАН тексеріп отырыңыз.
Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, құрылғы

жұмысына теріс әсер етіп, нәтижесінде қатерлі жағдайлар орын алуы

мүмкін.

1. Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен

жуыңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

2. Құрылғының ішкі беттеріндегі немесе айналмалы шығырығындағы

шашырандыларды не дақтарды сабын сіңірілген шүберекпен

тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

3. Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсарту және жағымсыз иісті

кетіру үшін, бір кесе сұйылтылған лимон шырынын бұрылмалы

табаққа қойыңыз да, қуатты ең үлкен мәнге қойып он минут

қыздырыңыз.

4. Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын табақты қажет кезде

жуыңыз.

Саңылауларға су ШАШЫРАТПАҢЫЗ. Жеміргіш заттар немесе

химиялық еріткіштерді ЕШҚАШАН қолданбаңыз. Есіктің

тығыздағыштарын тазалағанда келесіні ескеріңіз:
• Ешбір қоқыс жиналып қалмасын
• Қоқыс есіктің жабылауына кедергі жасамасын

ТЕХНИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ

SAMSUNG компаниясы әрқашан өз өнімдерін үздіксіз жақсартып

отыруды көздейді. Сондықтан да, дизайн спецификациялары мен

пайдаланушы нұсқаулықтары еш ескертусіз өзгертіледі.

Үлгі

ME83MR

Қуат көзі

230 В ~ 50 Гц

Тұтынылатын қуат

Микротолқын

1150 Вт

Қуат шығысы

100 Вт / 800 Вт (IEC-705)

Жұмыс жиілігі

2450 МГц

Магнетрон

OM75S(31)

Салқындату тәсілі

Желдеткіштің моторы

Өлшемдері (Е x Б x Т)

Сырты

Пештің іші

489 x 275 x 339 мм

330 x 211 x 324 мм

Сыйымдылығы

23 литр

Салмағы

Нетто

шамамен 12 кг

Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне

сəйкес қолданылады жəне осы өнімнің қаптамасын екінші рет

пайдалануға арналмағанын жəне жоюға жататынын

көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін

сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық

код жəне/немесе əріп белгілері түріндегі қаптама

материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.

Қалыпты жағдайда

қолдануға арналған

Қолдану мерзімі: 7 жыл

ME83MR_BWT_DE68-04112A-01_KK.indd 20

2013-11-30 �� 6:50:59

Advertising