Lightwave конвекция нұсқаулығы – Инструкция по эксплуатации LG MJ3281BC

Страница 99

Advertising
background image

2

ҚАЗАҚ

ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

Lightwave Конвекция Нұсқаулығы

Санат

Нұсқаулар

4. СВЕЖАЯ ПИЦЦА

- Тағам темп. : Бөлме

- Ыдыс-аяқ : Аласа сөредегі

қыздырғыш табақ

Құрамы

Қамыр :

120 г әмбебап немесе нан псіруге арналған ұн

1 шай қасық белсенді құрғақ ашытқы

1/3 шай қасық тұз \ 1 шай қасық қант \ 70 мл жылы су

1 шай қасық бастапқы сығылған зәйтүн майы, сыртын майлау

үшін қосымша шамалы мөлшері

Үстіңгі беті :

3 ас қасық томат тұздығы \ 30 г туралған шұжық

1/2 туралған пияз \ туралған 2 жас саңырауқұлақ

1/2 жас бұрыш \ 100 г ұсақталған Моцарелла ірімшігі

Барлық құраластарын үлкен шараға салып араластырыңыз.

Электр миксермен біртегіс әрі серпімді етіп қамыр илеңіз.

Қамырды жайыңыз да, пісірме табаққа салыңыз.
Пицца тұздығын таратып салыңыз. Бетін құймамен және

ірімшікпен безендіріңіз. Қыздырғыш табақты аласа сөреге

қойыңыз. Мәзірді таңдаңыз да, бастау түймешігін басыңыз.

5. ПЕЧЕНЬЕ

- Тағам темп. : Бөлме

- Ыдыс-аяқ : Биік сөре + аласа

сөре

Құрамы

80 г күйдірілген қант \ 80 г жібітілген сары май

1 жеңіл шайқалған жұмыртқа

180 г еленген әмбебап ұн \ 1/2 шай қасық қопсытқыш ұнтақ

1/2 шай қасық ас содасы \ 100 г шағын шоколад жоңқасы

Күйдірілген қант пен жібітілген сары майды араластырыңыз.

Біртіндеп жұмыртқаны қосыңыз да, ағарып, көпіршігенше

шайқаңыз. Ұн, қопсытқыш ұнтақты, ас содасы мен шоколад

жоңқасын қосып, жақсылап араластырыңыз.
Алюминий фольга төселген биік сөре мен аласа сөреге

қамырды ас қасықпен салыңыз. Печеньелердің арасында 2 см

орын қалдыру керек.
Биік сөре мен аласа сөрені пештің ішіне қойыңыз. Мәзірді

таңдаңыз да, бастау түймешігін басыңыз. Піскеннен кейін

тағамды аласа сөреге қойып, суытып қойыңыз.

6. ПЕЧЕНЫЙ КАРТОФЕЛЬ

- Шекті салмағы : 0,2 ~ 1,0 кг

- Тағам темп. : Бөлме

- Ыдыс-аяқ : Аласа сөре

Өлшемі орташа картоп түйнектерін таңдаңыз

(әрқайсысы 200 ~ 220 г).

Картопты жуып, құрғатыңыз. Картоп түйнектерін шанышқымен

бірнеше жерден тесіңіз. Тағамды аласа сөреге қойыңыз. Мәзірді

таңдап, сәл күтіңіз де, бастау түймешігін басыңыз. Пісіріп болғаннан

кейін алюминий фольгамен бетін жауып, 10 минут қоя тұрыңыз.

7. КЕКСЫ

- Тағам темп. : Бөлме

- Ыдыс-аяқ :

Аласа сөредегі

қыздырғыш табаққа

қойылған кекс

қалыптары

Құрамы

60 г қант \ 150 г еленген әмбебап ұн

100 г жібіген сары май \ 1/2 шай қасық қопсытқыш ұнтақ

Шамалы шайқалған 2 жұмыртқа

10 ~ 13 қағаз кекс қалыптары (түбі 50 мм x биіктігі 30 мм)

Қант пен жібітілген сары майды араластырыңыз. Біртіндеп

жұмыртқаны қосыңыз да, ағарып, көпіршігенше шайқаңыз. Ұн мен

қопсытқыш ұнтақты қосыңыз да, жақсылап араластырыңыз. Қағаз

кекс қалыптарына біртегіс етіп сары май толтырыңыз (әрқайсысы

25 ~ 30 г). Кекс қалыптарын аласа сөредегі қыздырғыш табаққа

салыңыз. Мәзірді таңдаңыз да, бастау түймешігін басыңыз.

Піскеннен кейін пештен алып, суытып қойыңыз.

Advertising