Pyccкий повар нұсқаулығы – Инструкция по эксплуатации LG MJ3281BC

Страница 96

Advertising
background image



ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

Санат

Нұсқаулар

3. РИС / МАКАРОНЫ

- Шекті салмағы : 0,1 ~ 0,3 кг

- Тағам темп. : Бөлме

- Ыдыс-аяқ : Микротолқынға

төзімді шара

(терең шыны

кәстрөл)

Күрішке қосатын құраластар

Рис

100 г

200 г

300 г

Сары май, ерітілген

30 г

40 г

50 г

Пияз, туралған

50 г

75 г

100 г

Тауық сорпасы

немесе су

250 мл

500 мл

750 мл

Асшөп байламы

Дәміне қарай

Күріш пен ерітілген сары майлы терең әрі үлкен шараға (3 л) шараға

салып, жақсылап араластырыңыз. Тауық сорпасын немесе суды құйып,

байламы мен тұз қосыңыз. Орауыш қағазбен жауып, тесік жасаңыз.

Шараны пештің ішіне қойыңыз. Мәзірді таңдап, сәл күтіңіз де, бастау

түймешігін басыңыз. Пісіріп болғаннан кейін сапырыңыз да, керек болса,

бетін жауып, 5 ~ 10 минут қоя тұрыңыз.

Макаронға арналған құраластар

Макаронды

100 г

200 г

300 г

Су

400 мл

800 мл

1200 мл

Тұз

Дәміне қарай

Макаронды және тұз қосылған қайнаған суды терең әрі үлкен

шараға (3 л) салыңыз. Шараны пештің ішіне қойыңыз. Мәзірді

таңдап, сәл күтіңіз де, бастау түймешігін басыңыз. Піскеннен

кейін 1 ~ 2 минут қоя тұрыңыз. Макаронды суық сумен шайыңыз.

4. ЛОСОСЬ НА ГРИЛЕ

- Шекті салмағы : 0,2 ~ 0,8 кг

- Тағам темп. : Тоңазытқыш

- Ыдыс-аяқ : Биік сөредегі

қыздырғыш табақ

Құрамы

750 г албырт балық \ 2 ас қасық шөп

1 лимонның шырыны \ тұз \ насыбайгүл

Асшөп, лимон шырынын, тұз бен насыбайгүл қосып дәмдеңіз. Тағамды

сөредегі қыздырғыш табаққа салыңыз. Мәзірді таңдап, сәл күтіңіз де,

бастау түймешігін басыңыз. Бип деген дыбыс естілгенде, тағамды

аударыстырып, пісіруді жалғастыру үшін бастау түймешігін басыңыз.

5. КУРИНЫЕ ГРУДКИ

- Шекті салмағы : 0,2 ~ 0,8 кг

- Тағам темп. : Тоңазытқыш

- Ыдыс-аяқ : Биік сөредегі

қыздырғыш табақ

Құрамы

Тауықтың төс еті \ 2 ас қасық сары май

Тауықты толтыру

2 сабақ туралған көк пияз \ 3/4 шыныаяқ буға піскен күріш

1/2 шыныаяқ мейіз \ 1/4 тостақ кепкен сары өрік

1 ң тостақ тауық етінің сорпасы \ 1/2 тостақ кілегейлі ірімшік

1 шай қасық үгітілген апельсин қабығы

1/4 тостақ апельсин шырыны \ тұз бен бұрыш

1/4 тостақ қуырылған ақ бадам немесе самырсын жаңғағы

1. Кәстрөлге сары майды орташа қызумен ертіңіз.

2. Пиязды шамамен 1 минут пісіріп, күріш, мейіз бен сары өрік қосыңыз да,

араластырыңыз.

3. Сорпаны, апельсин қабығы мен шырынын қосыңыз да, қатты отқа

қайнатыңыз.

4. Отын азайтыңыз да, қақпағын жауып 15 ~ 20 минут бұқтырыңыз.

5. Дәміне қарай бадам, тұз бен бұрыш қосыңыз.

6. Кілегейлі ірімшікты қосып, суытып қойыңыз.

7. Тауықтың төс етінің сүйегін алып тастаңыз да, терісін бүтін күйінде

қалдырыңыз.

8. Қоспаны тауықтың төс етіне толтырыңыз.

9. Тағамды биік сөредегі қыздырғыш табаққа салыңыз. Мәзірді таңдап,

сәл күтіңіз де, бастау түймешігін басыңыз. Бип деген дыбыс естілгенде,

тағамды аударыстырып, пісіруді жалғастыру үшін бастау түймешігін

басыңыз.

Pyccкий Повар Нұсқаулығы

Advertising