Инструкция по эксплуатации LG 84LA980V

Страница 104

Advertising
background image

ҚАЗАҚША

8

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР

y

Қашықтан басқару құралының сигналына күн сәулесі немесе

басқа күшті жарық кедергі тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда

бөлмені күңгірттеңіз.

y

Бейне ойын консольдері сияқты сыртқы құрылғыларды жалғау

алдында жалғау кабельдерінің ұзындығы жеткілікті екенін

тексеріңіз.

Әйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе

өнімді зақымдауы мүмкін.

y

Өнімді қуат сымын қабырға розеткасына қосу немесе шығару

арқылы қосып/өшірмеңіз. (Штепсельдік ұшты қосқыш ретінде

пайдаланбаңыз.)

Бұл механикалық ақаулық немесе сымнан электр тогының

соғуына әкелуі мүмкін.

y

Өнімнің шамадан тыс қызуын болдырмау үшін төмендегі

орнату туралы нұсқауларды орындаңыз.

- Өнім мен қабырғаның арасындағы қашықтық 10 cм көбірек

болуы керек.

- Өнімді желдетілмейтін жерге (мысалы, кітап сөресіне

немесе шкафқа) қоймаңыз.

- Өнімді кілем немесе жастық үстіне орнатпаңыз.

- Ауа тесігін төсемнің немесе перденің жауып тұрмағанын

тексеріңіз.

Әйтпесе, бұл өртке әкелуі мүмкін.

y

Теледидарды ұзақ уақыт қарап отырған кезде желдеткіш

тесіктеріне қолыңызды тигізбеңіз, себебі олар ыстық болуы

мүмкін. Бұл өнімнің жұмыс жағдайына әсер етпейді.

y

Құрылғының сымын жиі тексеріп тұрыңыз. Егер ол зақымдалғанын немесе

бұзылғанын көрсеңіз, сымды ажыратып, құрылғыны бұдан әрі пайдаланбаңыз

және сымды өкілетті қызмет көрсету маманынан дәл сондай сымға ауыстырып

алыңыз.

y

Штепсельдік ұшта немесе розеткада шаң жиналуын

болдырмаңыз.

Бұл өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.

y

Қуат сымын орау, бұрмалау, қысу, есікпен жабу немесе үстінен

басу секілді физикалық немесе механикалық зақым тиюден

қорғаңыз. Штепсельдерге, розеткаларға және құрылғыдан сым

шығатын жерге ерекше көңіл бөліңіз.

y

Панелін қолыңызбен немесе тырнақ, қарындаш немесе қалам

секілді өткір затпен қатты баспаңыз немесе үстін сырмаңыз.

y

Экранды ұзақ уақыт ұстамаңыз немесе саусақты (саусақтарды)

тигізбеңіз. Олай істегенде, экранда уақытша бұрмалану орын

алуы мүмкін.

Advertising