Бірінші қолданғанға дейін, Пештің үсті - күнделікті пайдалану, 1 алғашқы тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG54100OX

Страница 9: 2 тәулік уақытын орнату, 3 алдын ала қыздыру, 1 оттықтарды тұтату

Advertising
background image

4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Тұмшапештің есігін ашу үшін,

тұтқасын әрқашан ортасынан

ұстаңыз.

4.1 Алғашқы тазалау

• Керек-жарақтары мен алмалы сөре

сырғытпаларының барлығын (егер бар

болса) алыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында

тазалаңыз.

"Күтіп ұстау және тазалау" тарауын

қараңыз.

4.2 Тәулік уақытын орнату

Тәулік уақытын тұмшапешті іске

қоспай тұрып орнату керек.

Құрылғыны электр желісіне қосқаннан кейін

немесе электр қуаты өшіп қалғаннан кейін

бейнебетте 0:00 көрсетіледі.

+ және - түймешіктерін 0:00 жыпылықтағанша

қатар басыңыз. Дұрыс тәулік уақытын орнату

үшін + немесе - түймешігін басыңыз.

Шамамен бес секунд өткеннен кейін

жыпылықтау тоқтайды да, бейнебетте сіз

орнатқан тәулік уақыты көрсетіледі.

4.3 Алдын ала қыздыру

Құрылғының бетіндегі қоқыстарды жағып

жіберу үшін құрылғыны алдын ала

қыздырыңыз. Керек-жарақтар қалыпты жұмыс

режимімен салыстырғанда қызып кетуі мүмкін.

Осы кезде иіс, түтін шығуы ықтимал. Бұл

қалыпты жағдай. Ауаның жеткілікті түрде

айналып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Ең үлкен температураны 1 сағатқа

орнатыңыз.

5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Оттықтарды тұтату

Назарыңызда болсын!

Ас үйде ашық отты пайдаланған

кезде өте абай болыңыз. Жалынды

дұрыс пайдаланбау салдарларының

ешбіріне өндіруші жауапты емес.

Оттықты әрқашан ыдысты қоймай

тұрып жағыңыз.

1.

Тетікті шегіне дейін басып, ең үлкен

қалыпқа дейін бұраңыз. Тетікті басқан

кезде тұтату генераторы өздігінен

қосылады.

2.

Басқару тетігін басып шамамен 10 секунд

ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент

жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ

беріліміне кедергі келеді.

3.

Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін

реттеңіз.

Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық

жанбаса, оның шілтері мен

қақпағының дұрыс тұрғанын

тексеріңіз.

A

B

C

D

A)

Оттық табақшасы

B)

Оттық шілтері

C)

От алдырғыш

D)

Термореле

ҚАЗАҚ

9

Advertising