Тұмшапеш- күнделікті пайдалану, 1 тұмшапеш функциялары, 2 қауіпсіздік терморелесі – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG54100OX

Страница 11: 3 газ тұмшапеште тамақ пісіру

Advertising
background image

• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен

жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен

құрғатыңыз.

• Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш

машинада жууға арналмаған. Оларды

қолмен жуу керек.

• Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,

құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі

эмальмен қапталған жиектері өткір болуы

мүмкін. Қажет болса, қатып қалған

дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен

кетіріңіз.

• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын

дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.

• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба

тағандарының тармақтары оттықтың

ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба

тағандарын орнына қойған кезде абай

болыңыз.

Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ

шүберекпен құрғатыңыз.

8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Тұмшапеш функциялары

Тұмшапеш функциясы

Қолдану

0

Off (сөндірулі) қалпы Құрылғыны сөндіруге арналған.

1-8

Температура

мәндерін реттеу

Дәстүрлі тамақ пісіруге арналған температура

деңгейлерінің ауқымы.

(1 - 145 °C; 2 - 160 °C; 3 - 175 °C; 4 - 190 °C; 5 - 205 °C; 6

- 220 °C; 7 - 235 °C; 8 - 250 °C)

Гриль

Жайпақ тағамды грильдің ортасында қақтауға арналған.

Тост жасау үшін.

Тұмшапештің шамы

Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз

жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану

үшін тұмшапеш шамының түймешігін басыңыз.

8.2 Қауіпсіздік терморелесі

Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не

элементтерінің бірінің ақаулығына

байланысты)шамадан тыс қызып кету тәрізді

қатерлі жағдайдың алдын алу үшін қуатты үзіп

тастайтын қауіпсіздік терморелесімен

жабдықталған. Температурасы төмендеген

кезде пеш автоматты түрде қайта қосылады.

8.3 Газ тұмшапеште тамақ пісіру

Газ пештің оттығын тұтату:

1.

Тұмшапештің есігін ашыңыз. Есіктің

өздігінен ашылып қалуына жол бермеңіз -

есікті әбден ашылғанша тұтқасынан

сүйемелдеп ұстап тұру керек.

Тұмшапештің оттығын жаққан кезде

тұмшапештің есігін ашық ұстау керек.

2.

Қақпақтың ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Тұмшапешті пайдаланған кезде қатты

қызып кетпес үшін қақпақты ашып қою

керек.

3.

Тұмшапеш функцияларын басқару тетігін

басып, ең жоғары мәнге қойыңыз. Оны

шамамен 15 секунд басып тұрыңыз. Оны

жалын пайда болғанша босатпаңыз.
Тетікті басқан кезде от тұтатқыш

автоматты түрде іске қосылады.

Егер оттық от алмаса немесе кенет

сөніп қалса:

1.

Тетікті босатып, "off" қалпына

қойыңыз.

2.

Тұмшапештің есігін ашыңыз.

3.

Бір минуттан кейін, оттықты

қайта тұтатып көріңіз.

ҚАЗАҚ

11

Advertising