4 тұмшапештің оттығын сөндіру, 5 грильді қолдану, 6 гриль оттығын сөндіру – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG54100OX

Страница 12

Advertising
background image

Қолдан тұтау:

Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.

1.

Тұмшапештің есігін ашыңыз.

2.

Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі тесіктің

жанында ұстап тұрыңыз.

3.

Осы кезде тұмшапештің

функцияларының тетігін басып, сағат

тілінің бағытына қарсы бұрап ең үлкен

мәнге қойыңыз.

4.

Жалын шыққан кезде, тетікті шамамен 15

секунд басып ұстап тұрыңыз.

Тұтатқаннан кейін:

1.

Тетікті босатыңыз.

2.

Тұмшапештің есігін жабыңыз.

Назарыңызда болсын!

Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін

жауып пісіріңіз.

3.

Тетікті қажетті қызу параметріне қойыңыз.

Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:

Тұмшапеш термоэлементпен жабдықталған.

Ол жалын сөніп қалғанда, газдың берілуін

тоқтатады.

8.4 Тұмшапештің оттығын сөндіру

Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына

бұраңыз.

8.5 Грильді қолдану

Назарыңызда болсын!

Гриль жасау барысында құрылғыны назардан

тыс қалдырмаңыз. Құрылғының қол жететін

бөлшектері қызып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.

Назарыңызда болсын!

Гриль жұмыс істеп тұрғанда

балаларды алыс ұстаңыз. Күйіп қалу

қаупі бар.

Назарыңызда болсын!

Грильді ешқашан есікті жабық ұстап

қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.

1.

Тұмшапештің есігін ашыңыз.

2.

Гриль дефлекторын есіктің үстіңгі

жағындағы Aорнына қойыңыз.

A

3.

Жалынды гриль оттығының

саңылауларына жақын ұстаңыз.

4.

Газ пешінің басқару тетігін гриль қалпына

қойыңыз. Басқару тетігін осы қалыпта

шамамен 15 секунд ұстап тұрыңыз. Оны

жалын пайда болғанша босатпаңыз.

5.

Грильді алдын ала 5-10 минут

қыздырыңыз.

6.

Тұмшапештің сөресіне етті қойып, сөрені

3-ші қатарға қойыңыз.

Назарыңызда болсын!

Етті сөренің ең үстіңгі қатарына

қоймаңыз. Өрт шығу қаупі бар.

7.

Тағамның май-сөлін жинау үшін пісіру

науасын немесе қуырма табақты 2-ші

сөреге қойыңыз.

Етті науаға немесе табаққа тура

салмаңыз.

8.

Есікті шала ашып қойыңыз.

9.

Бірінші жағы қуырылып болған кезде, сөлі

ағып кетпес үшін етті шанышқымен

аударыңыз.

10.

Еттің екінші жағы қуырылып болған

кезде, тұмшапештен алыңыз.

Егер гриль от алмаса немесе кенет

сөніп қалса:

1.

Газ пештің басқару түймешесін

босатып, “Off” қалпына қосыңыз.

2.

Тұмшапештің есігін ашыңыз.

3.

Бір минуттан кейін, грильді қайта

тұтатып көріңіз.

8.6 Гриль оттығын сөндіру

Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына

бұраңыз.

12 www.electrolux.com

Advertising