Инструкция по эксплуатации haier AFL634CS

Страница 79

Advertising
background image

27

AFD индексті модельдердің басқару панелінің

функциялары және қолданылу мақсаттары

Тоңазытқыштың температуралық

режимдерін басқару функциясы

Тоңазытқыш қосулы болғанда G индикаторы жанады.

Іші тым жылы болғанда тоңазытқыш және мұздатқыш

бөлімдердің температурасы дисплейде сәйкесінше «-»

және «--» ретінде көрсетіледі. Бұған қоса, дыбыстық

ескерту сигналы қосылады. А5 түймешігін басқанда

дыбыстық сигнал үзіледі, ал G индикаторы тоңазытқыш

ішіндегі температура өндіруші зауытта белгіленген

деңгейге жетпейінше жанып тұра береді. Соңғы операция

аяқталғаннан бір минуттан кейін дисплей жарқындығы

азаяды.

Тоңазытқыш бөлімдегі температураны

белгілеу

Тоңазытқыш бөлім температурасын белгілеу үшін, А2

түймешігін бірнеше рет басыңыз: D және E индикаторлары

бір уақытта жанады. А3 түймешігін (температураны

ЖОҒАРЫРАҚ белгілеу түймешігі) немесе А4 түймешігін

(температураны ТӨМЕНІРЕК белгілеу түймешігі) басу

арқылы тоңазытқыш бөлім үшін қажетті температураны

+2° С және +8° С аралығындағы диапазонда белгілеңіз.

Таңдаған температураңызды А5 түймешігін (OK түймешігі)

басу арқылы растаңыз, D және E индикаторлары

жыпылықтап жануын тоқтатады.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: