Азықтарды сақтау жөніндегі жалпы ұсыныстар – Инструкция по эксплуатации haier AFL634CS

Страница 75

Advertising
background image

23

Азықтарды сақтау жөніндегі жалпы ұсыныстар

Азықтарды тоңазытқышта тиімді сақтау жөніндегі

жалпы ұсыныстар:
1. Тоңазытқыш бөлім балғын азықтар мен сусындарды аз

мерзімге сақтауға арналған.

2. Мұздатқыш камера жоғары мұздатқыш қасиетке ие

және тоңазытылған азықтарды қатыру мен сақтауға

арналған. Мұздатылған азықтарды сақтау жөніндегі

ұсыныстар олардың орауларында көрсетілген және

оларды барлық жағдайларда сақтау керек.

3. Сүт тағамдары тоңазытқыш бөлімнің есігінің ішкі

жағындағы арнаулы бөлімшеде сақталуы тиіс.

4. Даяр тағамдар нығыз жабылған ыдыста сақталуы тиіс.
5. Орамадағы балғын азықтарды сөрелерде сақтауға

болады. Жас жемістер мен көкөністер таза болуы және

көкөністерге арналған жәшікте сақталуы тиіс.

6. Бөтелкелерді тоңазытқыш бөлімнің есігіндегі арнаулы

бөлімшеде сақтауға болады.

7. Шикі етті полиэтилен пакеттерде ең астыңғы сөреде

сақтаңыз. Жұқтыруды болдырмас үшін, шикі етті

даяр тағаммен қоспаңыз. Жеке бастың қауіпсіздігі

мақсатында шикі етті тек екі-үш күн ғана сақтаңыз,

ұзақ мерзім сақтау үшін мұздатқыш бөлімді

пайдаланыңыз.

8. Тоңазытқыштың барынша тиімді жұмыс істеуі

үшін сөрелер суық ауаның еркін айналуына бөгет

болатын қағазбен немесе басқа да материалдармен

жабылмауы тиіс.

9. Өсімдік майларын есіктің ішкі жағындағы сөрелерде

ұстамаңыз. Азықтарды қаптаулы, ораулы күйде

немесе қақпақ астында сақтаңыз. Ыстық азықтар

мен сусындарды тоңазытқышқа қоймас бұрын

салқындатыңыз. Ашылған консервілер консерві

банкаларында сақталмауы тиіс.

10. Газдалған сусындарды қатыруға болмайды, ал хош

иістендірілген суды тым суық күйде пайдалануға

болмайды.

11. Кейбір жемістер мен көкөністер 0° С жақын

температурада бұзылып кетеді. Сондықтан мұндай

азықтарды (ананас, қауын, қияр, қызанақ және басқа

ұқсас азықтарды) полиэтилен пакеттерде ұстаңыз.

12. Тоңазытқышта тез тұтанатын газы бар (мысалы,

тозаңдатқышы бар кілегей, аэрозольды ораудағы

консервілер және с.с.) азықтарды немесе жарылғыш

заттарды еш уақытта сақтамаңыз, бұл қауіпті болуы

мүмкін

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: