Орнату және жұмысқа дайындау – Инструкция по эксплуатации haier AFL634CS

Страница 57

Advertising
background image

5

Орнату және жұмысқа дайындау

Тоңазытқышты алғаш қолданар алдында:

Мұздатқыш тоңазытқыштың орауын ашыңыз, пенопласт

пен жабысқақ лентаны, бекіткіш аксессуарларды алып

тастаңыз.
Барлық қажетті заттар мен құжаттардың орнында

болуын тексеріңіз.
Орама қораптағы құрамдас бөліктердің барлығының

ораудағы заттар тізіміне сәйкестігін тексеріңіз. Өзгешеліктер

болған жағдайда сатып алған дүкеніңізге хабарласыңыз.
Орау материалын алып тастағаннан кейін, тоңазытқышты

таңдаған жеріңізге орналастырыңыз.
Тоңазытқышты температурасы -10° С-тан төмен түсуі

мүмкін бөлмеге орналастырмаңыз, себебі төмен

температурада тоңазытқыш жұмыс істемеуі мүмкін.
Тоңазытқышты ас үй плиталарының не жылыту

радиаторларының жанына немесе күн сәулесі тік түсетін

жерлерге орналастырмауға кеңес береміз, себебі

бұл – тоңазытқыштың агрегаттарына қосымша күш

түсіруі мүмкін. Егер тоңазытқышты жылу көзінің жанына

орналастыруға мәжбүр болсаңыз, жылу көзінен кем дегенде

100 мм арақашықтықты қамтамасыз етіңіз. Тоңазытқыш

айналасында бос орынның жеткілікті болуын және ауаның

еркін айналуын қамтамасыз етуге тырысыңыз.

Тоңазытқышты суық жерде сақтағаннан кейін немесе

қысқы уақытта тасымалдағанан кейін, оны бөлме

температурасында кемінде 12 сағат тұрғаннан кейін ғана

қосуға болады.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: