Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации haier AFL634CS

Страница 63

Advertising
background image



Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Назар аударыңыз! Тоңазытқыш міндетті түрде жерге тұйықталуы тиіс!

Тоңазытқышта жеңіл тұтанатын, жарылу қаупі бар немесе

тотыққыш заттарды сақтауға тыйым салынады.
Тоңазытқышта дәрі-дәрмек, бактериялар және химиялық

заттар сақтауға болмайды. Тоңазытқыш тек үй

шаруашылығында пайдалануға арналған. Тоңазытқышта

сақталуы нақты бір температура деңгейін талап ететін

заттарды сақтауға кеңес берілмейді.
Өрт шығу қаупінің алдын алу үшін, жанармай және басқа

да тұтанғыш заттарды тоңазытқыш жанында сақтамаңыз

және пайдаланбаңыз.
Денсаулыққа зиян тигізбес үшін және электр тұйықталуына

жол бермес үшін, тоңазытқышқа орнықсыз заттарды (ауыр

заттар, су құйылған ыдыстар, т.с.с.) орналастырмаңыз.
Тоңазытқыштың аударылмауы үшін, есіктері

зақымдалмауы үшін тоңазытқыш және мұздатқыш

камералардың есіктеріне сүйенуге тыйым салынады.

Жұмыс істеп тұрған тоңазытқыштың ішкі жағын дымқыл

қолмен ұстауға кеңес берілмейді.
Денсаулыққа зиян тигізбес үшін, саусақтарыңызды

тоңазытқыш есіктері мен корпусының арасына салмаңыз.
Тоңазытқышты тазалау кезінде оның электр изоляциясын

қамтамасыз ету үшін, оған сұйықтық шашпаңыз және

қатты су ағынымен жумаңыз; тоңазытқышты ылғалды

немесе оған су енуі ықтимал жерге орналастырмаңыз.
Тоңазытқыш демонтажы мен модификациясын білікті

мамандар орындау керек. Кез келген біліксіз адамның

араласуы салқындатқыш құбырлардың зақымдалуына,

сондай-ақ, тоңазытқыштың мүмкіндіктерінің жойылуына

және денсаулыққа зиян тигізуге алып келуі мүмкін.

Тоңазытқышты қызмет көрсету орталығының білікті

мамандары жөндеу керек.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: