Ақаулы жағдайларды шешу, Техникалық қызмет көрсету және тексеру, Сақтау – Инструкция по эксплуатации Canon CJ18EX7.6B IASE 2/3" ENG/EFP 4K UHD Lens with Full Servo Control

Страница 107: Өнімді кәдеге жарату, Ескерім, Абай болыңыз, Ескерту

Advertising
background image

K3

ЕСКЕРІМ

1. Объективті соғу немесе құлату оның бүлінуіне әкелуі мүмкін.

2. Объектив суға төзімсіз. Жаңбыр, қар немесе сумен тікелей байланысты болдырмаңыз. Болмаса, бұл өнімнің

зақымдалуына әкелуі мүмкін.

3. Шаңды орталарда объективті бекіту не алу кезінде оның корпусын жауып отырыңыз. Құрылғының ішіне шаң

түссе, бұл өнімнің зақымдалуына әкелуі мүмкін.

4. Объектив пайдаланылғанда температураның күрт өзгерістерін болдырмауға қарсы шараларды қолданыңыз,

объективтің ішінде конденсат түзілсе, бұл құрылғы жұмысының тоқтауына әкелуі мүмкін.

5. Химиялық заттар пайдаланылатын орындар сияқты кейбір орталарда пайдаланудан бұрын Canon өкілімен

хабарласыңыз.

АҚАУЛЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Төменде көрсетілген кез келген ақау туындаған жағдайда Canon өкілімен немесе объективті сатқан дилеріңізбен

хабарласыңыз.

Объективтен түтін, бу немесе әдеттен тыс шу шығып тұр

Объективтің ішінде бөгде заттар (сұйықтық немесе металл заттар сияқты)

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Объективтің сыртын тазаламас бұрын кабельді ажыратып, объективті фотокамерадан алыңыз. Бұл өнімді

тазаламас бұрын бензин, еріткіш немесе басқа жанғыш заттарды пайдаланбаңыз. Болмаса, бұл өрт немесе

электр тогымен соғылу қаупін тудыруы мүмкін.

ЕСКЕРІМ

1. Объектив үрлегішін немесе жұмсақ объектив қылшағын пайдаланып шаңды тазалаңыз. Саусақ іздері немесе

дақтар болса, объективті тазалауға арналған сұйықтықта суланған мақтадан жасалған таза матаны немесе

объективті тазалау қағазын пайдаланыңыз. Объективтің ортасындағы спиральді абайлап сүртіңіз. Объективтің

ішіндегі шаңды ысқыламаңыз, бұл объективтің бетін сызаттауы мүмкін.

2. Пайдалану жағдайлары мен ортасына байланысты жылына бір рет тексерулерді өткізіп отыру қажет. Қажет

болса, жоспарлы жөндеуге сұрау беріңіз.

САҚТАУ

ЕСКЕРТУ

Сақтаудың алдында әрқашан объектив қақпағын (немесе корпус қақпағын) және шаң қақпағын бекітіңіз.

Объективті бекітілген қақпақсыз сақтау объектив жарық көзіне фокусталған жағдайда өртке әкелуі мүмкін.

ЕСКЕРІМ

Объективті ылғал немесе түтінді орталарда түзілетін кез келген дымқылдан дереу тазалаңыз. Ішіне ылғалдың

түсуін болдырмау үшін объективті десиканты бар пластик пакетке салыңыз. Болмаса, бұл өнімде зеңнің түзілуін

немесе оның зақымдалуына әкелуі мүмкін.

ӨНІМДІ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ

ЕСКЕРІМ

Бұл өнім Сіздің ұлттық және жергілікті заңнамаларыңызға сәйкес кәдеге жаратылуы тиіс.

BT1-B070-L_ロシア語カザフ語.indd 3

2020/02/04 15:07:13

Advertising