Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері, C -шаңсорғышты қалай пайдалану керек, A- негізгі құрама бөлшектері – Инструкция по эксплуатации Panasonic MC-881

Страница 6: B - шаңсорғышты қалай жинау керек

Advertising
background image

6

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Өртену, электр тоғымен зақымдану немесе жарақат алу қаупін төмендету үшін, шаңсорғышты пайдалану алдында

қауіпсіздік ережелерін мұқият оқып шығыңыз.

• Бұл шаңсорғыш физикалық, сезімталдық, ойлау қабілеті (оның ішіне балалар да кіреді) төмен немесе пайдалану

тəжрибесі мен білімі жетпейтін тұлғаларға арналмаған. Егер мұндай адамдардың қауіпсіздігіне жауапты тұлға

шаңсорғышпен пайдалану жөнінде жетекшілік етсе немесе нұсқаулықпен қамдаса ғана құрылғымен пайдалана алады.

• Балаларға шаңсорғыш құрылғысымен ойнауға болмайтындығы жөнінде жетекшілік болуы қажет.

• Электрлік бауы немесе ашасы зақымданған болса, шаңсорғышты пайдаланбаңыз.

• Бұл шаңсорғыш желілік баумен жабдықталған, сол себепті, ол зақымданған жағдайда, жарақат алу мүмкіндігін

болдырмау үшін оны Құзыретті Техникалық қызмет көрсету Орталығы немесе білікті маман ауыстыруы тиіс.

• Шаңсорғышты пайдаланбайтын жəне оны тазалайтын немесе жөндейтін кезде шаңсорғышты розеткадан ажыратып тастаңыз.

• Қозғалтқышты өшірмейінше, шаңсорғышты розеткадан ажыратпаңыз. Ашаны розеткадан суырғанда, бауынан тартпаңыз.

• Электр бауын орау кезінде ашасынан ұстап тұрыңыз.

• Шаңсорғышты немесе желілік ашаны ылғал қолыңызбен ұстамаңыз.

• Жуылғаннан кейінгі дымқыл сүзгіні қолданбаңыз, шаңсорғышты зақымдап алмау мақсатында, оның толық кепкендігінде

көз жеткізіңіз.

• Тұтанғыш жəне жанғыш заттарды сорғызбаңыз.

• Ыстық күлді, шоқты немесе көлемді жəне кескіш заттарды сорғызбаңыз.

• Су жəне басқа сұйықтарды сорғызбаңыз.

• Шаңсорғышты радиатор, пеш, от, тікелей күн сəулелері сынды жылу көздерінен алшақ ұстаңыз.

• Шаңсорғыш,қозғалтқышты қызып кетуден сақтау үшін, қауіпті жағдайда автоматты түрде ажырататын жылу тежегіш

құрылғымен жабдықталған. Мұндай жағдайда шаңсорғышты тоқ көзінен ажыратып, қызып кету себебін жойыңыз.

Шаңжиғыштың толып кетпеуін, сүзгінің шаңмен бітеліп қалмағандығын немесе ауа жолына қоқыс тұрып қалмағандығын

тексеріңіз. Құбырды, түтікті жəне кіру тесігін тексеріңіз. Бітелген жерін тазартыңыз., Жылу тежегіш құрылғының бастапқы

қалпына келуіне қажетті шамамен 1 сағат уақыт кеткеннен соң, шаңсорғышты салқындату қажет.

C -ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

C-1

Желілік бауды суырып алып, ашаны желілік розеткаға

қосыңыз.

C-2

Шаңсорғышты іске қосу үшін аяқ ажыратқышының белінен

жəй басыңыз. Аяқ ажыратқыштан келесі мəрте басу арқылы

шаңсорғыш істен шығарылады.

C-3

Қуат реттеуіші

Сору күшін еденнің төсеніш түрлеріне сəйкес реттеуге

болады.

Басқару органдарындағы белгілер шаңсорғышпен

пайдаланудың қандайда болмасын бір түріне сəйкес

теңшелімдерін білдіреді.

:перделер, жеңіл мата

:Қаптамалар, диуан жастықтары

:Паркетті еден

:Қысқа түкті кілем

:Ұзын түкті кілем

Сору күшінің қажетті теңшеліміндегі көрсеткіш жасыл түске

боялғанша сəйкесінше аяқ ажыратқышын басып тұрыңыз.

• Жоғары теңшелім таңдау үшін түймешігін басыңыз.

• Төменірек теңшелім таңдау үшін түймешігін басыңыз.

Айырып-қосқыштың орнына басқару белгісін басыңыз.

(Тек MC-CG883 үлгісіне ғана арналған)

Сору күшінің қажетті теңшелімін келтіруге арналған бұрылу

айырып-қосқышын орнатыңыз.

(Тек MC-CG881үлгісіне ғана арналған)

C-4

Айырып-қосудың үш түрлі күйі.

Еден тақтасы (ПАРКЕТ): А күйін орнатыңыз.

Кілем (қысқа түкті): В күйін орнатыңыз.

Кілем (ұзын түкті): С күйін орнатыңыз.

C-5

Иілген ауыстырғыш сору күшін оңай төмендетуге мүмкіндік

беретін сорудың қол реттеуішімен жабдықталған.

C-6

Қажетіне қарай шаң кетіруге арналған щетканы телескоптық

түтік пен турбо-щетка арасында орнатуға болады. Келген

сəтте щетканы шығарып ала аласыз, ол үшін тек бұғатынан

босату тепкісін басыңыз да, шаң кетіруге арналған щетканы

пайдаланыңыз.

C-7

Тазалауды аяқтағаннан кейін, шаңсорғыштың ашасын

розеткадан суырып алып, бау орағыштың аяқ батырмасын

басыңыз. Желілік бауды орағанда зақымдап алмас үшін желелік

ашаны ұстап тұрып, аяқ батырманы ортасынан басыңыз.

C-8

Сақталу күйі

Түтік ілгішін шаңсорғыш корпусының төменгі бөлігінде

орналасқан түтік түпқоймасына тікелей бағыттаңыз.

C-9

Қысқамерзімді сақталу күйі

Шаңсорғышты пайдалану кезіндегі қысқамерзімді үзіліс

кезінде түтік ілгішін шаңсорғыш корпусының артқы бөлігінде

орналасқан түтік түпқоймасына тікелей бағыттаңыз.

ЕСКЕРТУ: Шаңсорғышты пайдалану кезіндегі қысқамерзімді

сақталуда оны істен шығару кеңес етіледі.

A- НЕГІЗГІ ҚҰРАМА БӨЛШЕКТЕРІ

A)

Турбо-щеткасы

B)

Түтіктің жалғаулық ауыстырғышы

C)

Түтік

D)

Сору реттеуіші

E)

Иілген ауыстырғыш

F)

Телескоптық құбыр

G)

Шаң кетіруге арналған щетка

H)

Саңлау саптамасы

I

)

Қаптамаға арналған щетка

J)

Түтіктің кіру тесігі

K)

Шаң көрсеткіші

L)

Шаңжиғыш қақпағы

M)

Аяқ ажыратқышы

N)

Бау орағыштың аяқ батырмасы

O)

Сору күшінің реттеуіші

P)

Шығарым қақпағы

Q)

Желілік аша

R)

Қағаз шаңжиғыш (корпус ішінде)

S)

Себет

T)

Маталы шаңжиғыш (қорап ішінде)

B - ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚАЛАЙ ЖИНАУ КЕРЕК

B-1

Түтіктің жалғаулық аустырғыш ілгішіне дейін енгізіңіз.

Түтікті ажыратып алу үшін бекітуші екі түймешікті басыңыз

да, түтіктің жалғаулық ауыстырғышын бір мезетте тартыңыз.

ЕСКЕРТУ: Түтікті бүкпеңіз, тартпаңыз, түтікте тұрмаңыз

жəне оның үстіне салмақты заттар қоймаңыз.

B-2

Иілген ауыстырғышты телескоптық түтіктің жоғарғы бөлігіне

орналастырыңыз.

Телескоптық түтікті дөңгелек тесіктің иілген ауыстырғыш

дөңесіне тура келгенше бұрыңыз. (Иілген ауыстырғышты

ажыратып алу үшін, дөңесті басып тұрып, сол мезетте

телескоптық түтікті тартыңыз.) Екінші ұшына турбо-щетканы

кигізіңіз. (Ажырату кері тəртіппен орындалады)

B-3

Қармау мен ұзарту реттеуішінен ұстап тұрып, телескоптық

түтікті қажетті ұзындыққа дейін шығырыңыз.

MC-CG880(V01Z5J107)_0723.indd 6

MC-CG880(V01Z5J107)_0723.indd 6

2008/07/25 14:48:06

2008/07/25 14:48:06

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: