Керек-жарақтар – Инструкция по эксплуатации Panasonic TX-LR42ET60

Страница 45

Advertising
background image

Қа
зақша

5

Керек-жарақтар

Қашықтан басқару пульті
(11-бет)

N2QAYB000829


Батареялар (2)

R6

(11-бет)

Тұғыр
(6-бет)

Қуат шнуры
(7-бет)

AV1 (SCART) адаптері
(8-бет)

3D көзілдірігі (2)
(16-бет)

Кабель байламы
(10-бет)

Пайдалану нұсқаулары

Кепілдік

Керек-жарақтар бірге орналаспауы мүмкін. Оларды байқаусызда лақтырып тастамаңыз.

Қосымша керек-жарақтар туралы ақпаратты [eHELP] бөлімінен алыңыз (Қолдау көрсету > Қосымша керек
жарақтар).

3D көзілдірігін қолдану

Сақтаныңыз

3D көзілдірігін тек белгілі бір мақсатта ғана қолданыңыз.

Құлап қалудың немесе байқамай жарақаттанудың
алдын алу үшін 3D көзəйнегін киген кезде айналмаңыз.

3D көзілдірігін түсіріп алмаңыз, майыстырмаңыз,
қыспаңыз немесе баспаңыз.

3D көзілдірігіне таққан кезде жақтаудың ұшына
мұқият болыңыз.

3D көзілдірігінің топса бөлігіне саусақтарыңызды
қысып алмаңыз.

Егер 3D көзілдірігі физикалық түрде зақымданған
болса, қолданбаңыз.

Егер көз ауруларына душар болсаңыз (жақыннан /
алыстан көргіш, астигматизм, сол жəне оң жақ көзде
айырмашылығы), 3D көзілдірігін қолданудан бұрын
көзіңізді емдеткеніңіз жөн. Берілген 3D көзілдірігін
көруді түзету əйнектері үстінен тағуға болады.

Егер қызылдық, ауыру немесе мұрын не самай
маңында тері тітіркенуі болса, 3D көзілдірігін
қолдануды дереу тоқтатыңыз. Кей жағдайларда, 3D
көзілдірігіне қолданылған материалдар аллергиялық
əсер беруі мүмкін.

3D суреттерін көру

Сақтаныңыз

Балалар 3D кескіндерін қолданған кезде аса мұқият
бақылаңыз. 3D кескіндерін шамамен 6 жастан төмен
балаларға көрсетпеген жөн. 3D кескіндерін қарағанда
барлық балалардың қауіпсіздігін жəне денсаулығын
қамтамасыз ету үшін оларды ата-аналары немесе
қамқоршылары толық қадағалауы тиіс.

Шаршағанда, нашар сезінгенде, қандай да бір басқа
қолайсыздықты сезінгенде немесе кескіндер айқын
қосарланып көріне бастаған кезде, 3D кескіндерін
көруді дереу тоқтатыңыз. Көруді жалғастырмас
бұрын тиісті үзіліс алыңыз. 3D əсерді [Регулировка
3D] арқылы орнатқанда, 3D суреттерінің көрінуі əр
түрлі кісілер үшін өзгеше болатынын ескеріңіз.

Жарыққа қарай алмайтын көз ауруыңыз, жүрекке
қатысты проблемаларыңыз немесе кез келген басқа
медициналық жағдайларыңыз болса, 3D кескіндерін
көрмеңіз.

3D кескіндерін көрген кезде арақашықтықты сезу
мүмкіндігіңіз алдамшы не дұрыс емес болуы мүмкін.
Теледидардың экранын басқа адамдардың кездейсоқ
басуына мұқият болыңыз. Байқаусызда зақымдаудың
немесе жарақаттанудың алдын алу үшін, айналаңызда
сынғыш заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.

3D кескіндеріне ұсынылған ара қашықтықтан
жақынырақ жерде қарамаңыз. Ұсынылған көру
қашықтығы сурет биіктігінен кемінде 3 есе артық
болуы тиіс.

42 дюймдік үлгі

: 1,6 м немесе одан алыстау

47 дюймдік үлгі

: 1,8 м немесе одан алыстау

50 дюймдік үлгі

: 1,9 м немесе одан алыстау

55 дюймдік үлгі

: 2,1 м немесе одан алыстау

Экранның жоғарғы жəне төменгі бөлігі қарайған
кезде, мысалы кино көргенде, экранға дейінгі
қашықтық нақты суреттің биіктігінен кемінде 3 есе
артық болуы тиіс. (Қашықтық жоғарыдағы мəндерде
ұсынылғаннан жақынырақ болады.)

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: