Инструкция по эксплуатации Panasonic TX-LR42ET60

Страница 44

Advertising
background image

Қа
зақша

4

Радио толқыны

Абайлаңыз

Теледидарды медициналық мекемелерде
немесе медициналық жабдықтар бар орындарда
пайдалануға болмайды. Радиотолқындар
медициналық жабдыққа кедергі келтіруі жəне дұрыс
жұмыс істемеу нəтижесінде қайғылы оқиғаларға
əкелуі мүмкін.

Теледидарды қандай да бір автоматты басқару
жабдығы, мысалы, автоматты есіктер немесе өрт
дабылдары жанында пайдалануға болмайды.
Радиотолқындар автоматты басқару жабдығына
кедергі келтіруі жəне дұрыс жұмыс істемеу
нəтижесінде қайғылы оқиғаларға əкелуі мүмкін.

Кардиоынталандырғыш бар жерде теледидардан
кемінде 22 см алшақ ұстаңыз. Радио толқындар
жүрек ынталандырғыш жұмысына кедергі келтіруі
мүмкін.

Теледидарды кез келген жолмен бөлшектемеңіз
немесе құрамын өзгертпеңіз.

Кірістірілген сымсыз жергілікті желі

Сақтаныңыз

Пайдалану құқықтарыңыз жоқ қандай да бір
кірістірілген сымсыз жергілікті желіге (SSID*)
қосылу үшін кірістірілген сымсыз жергілікті
желіні пайдалануға болмайды. Мұндай желілер
іздеулер нəтиждесі ретінде тізімі берілуі мүмкін.
Алайда оларды пайдалану заңсыз кіру ретінде
қарастырылуы мүмкін.
*SSID беру үшін пайдаланылатын белгілі бір сымсыз
желіні анықтауға арналған атау болып табылады.

Кірістірілген сымсыз жерлігікті желіні жоғары
температуралар, тікелей күн сəулесі немесе ылғал
əсеріне қалдыруға болмайды.

Радиотолқындар арқылы жіберілген жəне деректер
бөгелуі жəне бақылануы мүмкін.

Кірістірілген сымсыз жергілікті желі 2,4 ГГц жəне
5 ГГц жиілік диапазонын жұмсайды. Радиотолқын
кедергісінен пайда болатын ақаулықтарды
болдырмау үшін, басқа кірістірілген жергілікті желіні
пайдаланған кезде, теледидарды басқа сымсыз
жергілікті желі құрылғыларынан, микротолқынды
пештерден, ұялы телефондардан жəне 2,4 ГГц жəне
5 ГГц сигналдарын пайдаланатын құрылғылардан
алыс ұстаңыз.

Статикалық электр тогына байланысты шу орын
алған кезде т.б. теледидар құрылғыны қорғау үшін
жұмысын тоқтатуы керек. Желілік қуатты қосу / өшіру
қосқышы арқылы теледидарды өшіріңіз, сонан соң
оны қайтадан қосыңыз.

Сымсыз жергілікті желі жəне қатынас нүктесі туралы
қосымша мəліметтер келесі веб-сайтта болуы
мүмкін. (Тек ағылшын тілінде)
http://panasonic.net/viera/support

Желдету

Сақтаныңыз

Кейбір электронды бөлшектердің ерте істен шығуына
себеп болатын шамадан тыс қызудың алдын алуға
көмектесу үшін теледидардың айналасына жеткілікті
бос орын қалдырыңыз.

Ең аз арақашықтық:

(см)

10

10

10

10

Желдетуге желдету тесіктерін
газеттер, дастархандар жəне
перделер сияқты заттармен
жабу арқылы кедергі жасамау
керек.

Тұғыр пайдаланған не пайдаланбаған кез келген
уақытта теледидардың төменгі жағындағы
саңылаулардың бітеліп қалмағанын жəне оның
айналасында жеткілікті желдету орны қалғанын
үнемі тексеріп жүріңіз.

Теледидарды жылжыту

Сақтаныңыз

Теледидарды жылжытпас бұрын, барлық кабельдерді
ажыратыңыз.

Теледидарды кемінде екі
адам көмегімен жылжытыңыз.
Жарақаттануды немесе
құлауды болдырмау үшін
көрсетілген күйінде ұстаңыз.

Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын кезде

Сақтаныңыз

Желілік штепсель розеткаға қосылып тұрғандықтан,
теледидар өшірулі тұрғанның өзінде аздап электр
қуатын пайдаланады.

Теледидар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, желілік
штепсельді қабырға розеткасынан ажыратыңыз.

Шамадан тыс дыбыс деңгейі

Сақтаныңыз

Дауысын құлақаспаптан қатты
шығарып тыңдамаңыз. Қатты
зақым келтіруі мүмкін.

Құлағыңызда дүңгірлеген дыбыс естілсе, дыбысын
өшіріңіз немесе құлақаспаптарды пайдалануды
тоқтатыңыз.

Пульт батареясы

Сақтаныңыз

Дұрыс орнатпау батарея ағуына, мүжілуіне немесе
жарылуына əкелуі мүмкін.

Тек бірдей немесе баламалы түрімен ауыстырыңыз.

Ескі жəне жаңа батареяларды бірге қолданбаңыз.

Əр түрлі батареяларды (мысалы, сілтілі жəне
марганецті батареяларды) араластырмаңыз.

Зарядталмалы (Ni-Cd жəне т.б.) батареяларды
пайдаланбаңыз.

Батареяларды жақпаңыз немесе сындырмаңыз.

Батареяларды күннің көзі, өрт немесе сондай сияқты
жоғары ыстыққа шығармаңыз.

Батареялардың дұрыс тасталғанына көз жеткізіңіз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: