Тек vaio жұмыс үстелі компьютерлері, Пайдалану / қоқысқа тастау туралы сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации Sony SVS1511W9E

Страница 49

Advertising
background image

49

KZ

Тек VAIO жұмыс үстелі компьютерлері

VAIO жұмыс үстелі компьютерлері тек іште пайдалануға арналған.

Кейбір модельдерде əр елге қатысты берілген қуат сымдары болады. Еліңіздегі
қуат көзіне сай келетін қуат сымын пайдаланыңыз.

VAIO жұмыс үстелі компьютерін қуат көзінен толық ажырату үшін қуат кабелін
ажыратыңыз.

Желілік розетка жабдық жанына орнатылуы жəне оңай қол жетімді жерде болуы
керек.

Пайдалану / қоқысқа тастау туралы сақтық шаралары

Алынбалы батарея жинағы бар модельдер үшін

Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі бар. Тек бірдей немесе өндіруші
ұсынған баламалы түрімен ауыстырыңыз. Пайдаланылған батареяларды
өндіруші нұсқауларына сай тастаңыз.

Бұл құрылғыда пайдаланылған батарея дұрыс пайдаланылмаса, өрт немесе
химиялық күю қаупін тудыруы мүмкін.

Бұзуға, бөлшектеуге, 60°C-тан (140°F) жоғары қыздыруға немесе жағуға
болмайды.

Пайдаланылған батареяларды жылдам жəне тиісті түрде тастаңыз.

Балалардан аулақ ұстаңыз.

Батареядағы металл клеммаларды қысқа тұйықтамаңыз немесе оларға су,
кофе немесе сусын сияқты сұйықтық төгіп алмаңыз.

Зақымдалған немесе ағып тұрған литий-ионды батареяларды пайдаланбаңыз.

Кейбір аймақтарда литий-ионды батареяларды тұрмыс немесе іскери қоқысқа
тастауға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті жалпы қоқыс жинау жүйесін
пайдаланыңыз.

Литий ионды батареялары бар модельдер үшін (Германияға ғана қатысты)

Лақтыруға қатысты кеңес: Бөлшек сауда дүкендерінде немесе жергілікті елді
мекенде орналасқан жинау жəшіктеріне қуаты таусылған батареяларды ғана
тастаңыз. Батареялардың қуаты əдетте құрылғы өшіп қала берсе немесе
“батареяның қуаты таусылған” деген жазу шықса таусылады немесе
батареялардың жарамды мерзімі ұзаққа созылып кетсе құрылғы “одан əрі дұрыс
жұмыс жасамайды.” Қауіптен аулақ болу үшін батарея полюстеріне, мысалы,
таспаны жабыстырып тастаңыз.

Резервтік жад батареясы бар модельдер үшін

Өніміңіз ішкі резервтік жад батареясымен жабдықталған. Оны өнімнің қызмет
көрсету мерзімінде ауыстырмау керек. Батареяны ауыстыру қажет болғанда,
рұқсат етілген Sony қызмет көрсету/қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.

Advertising