Инструкция по эксплуатации Sony SVS1511W9E

Страница 48

Advertising
background image

48

Айнымалы ток адаптерлері бар VAIO ноутбуктары жəне VAIO
жұмыс үстел компьютерлері

VAIO ноутбуктары тек түпнұсқа Sony батареяларымен жұмыс істейтіндей жасалған.
Сондықтан VAIO ноутбугын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек
түпнұсқа Sony қайта зарядталатын батареясын пайдалану керек.

Сіз сатып алған өнім үшін Sony компаниясы берген түпнұсқа Sony айнымалы ток
адаптерін пайдалану ұсынылады.

Бұл айнымалы ток адаптері IT өнімдерімен бірге ғана пайдалануға арналған.
Оны басқа мақсатта пайдаланбаңыз. Егер компьютермен бірге келген айнымалы
ток адаптерінің қуат кабелінде 3 ашалы штепсель болса, электр қосылымының
жерге дұрыс қосылуын қамтамасыз етіңіз.

Компьютерді қуат көзінен толық ажырату үшін айнымалы ток адаптерін қуат
көзінен ажыратыңыз. Желілік розетка жабдық жанына орнатылуы жəне оңай қол
жетімді жерде болуы керек.

Тасымалдау кезінде ықтимал зақымды жəне компьютердің тұтану қаупін
болдырмау үшін, алдымен кез келген берілген қосқыш қақпақтарын жəне слот
қорғағыштарын тиісті орындарына бекітіңіз жəне батарея алынбалы болса оны
батарея бөліміне салыңыз.

Компьютерді пайдаланған кезде батарея жинағын əрдайым орнына салынған
күйі ұстаңыз.

Америка Құрама Штаттарына жəне оның ішінде саяхаттағанда, АҚШ Тасымалдау
департаменті (DOT) жақында литий металы бар батареяларымен жəне литий-
ионды батареялармен саяхаттайтын жолаушыларға қатысты жаңа ережелерді
жариялағанынан хабардар болыңыз.

Толық мəлімет алу үшін http://safetravel.dot.gov/whats_new_batteries.html торабына
кіріңіз.

Advertising