Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-E4550K

Страница 95

Advertising
background image

|

32

Қазақша

Параметрлер

< Желі параметрлерінің мәндерін алу >
Сондай-ақ, Желі параметрлері мәндерін
Windows компьютерлерінің көбінде қарап алуға
болады. Желі параметрлерінің мәндерін қарап
алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:

• Windows XP

1 . Windows жұмыс үстелінің төменгі оң

жағындағы желі белгішесін тінтуірдің оң
жақ түймесімен нұқыңыз.

2 . Қалқымалы мәзірден Күй тармағын

таңдаңыз.

3 . Көрсетілетін тілқатысу терезесіндегі Қолдау

қойындысын нұқыңыз.

4 . Қолдау қойындысында Толық мәліметтер

түймесін басыңыз.

5 . Желі параметрлері көрсетіледі.

• Windows 7

1 . Windows жұмыс үстелінің төменгі оң

жағындағы Желі белгішесін нұқыңыз.

2 . Қалқымалы мәзірден Желі және бөлісу

орталығы тармағын таңдаңыз.

3 . Көрсетілетін тілқатысу терезесінде желі

қосылымыңызға қарай Жергілікті аймақ
қосылымы немесе Сымсыз желі қосылымы
тармағын таңдаңыз.

4 . Қолдау қойындысында Толық мәліметтер

түймесін басыңыз. Желі параметрлері
көрсетіледі.

|

ЕСКЕРТПЕ

|

\ Windows нұсқасына қарай ақпарат әртүрлі болуы мүмкін.

Сымсыз желі

Сымсыз желі қосылымын үш жолмен орнатуға
болады:

- Сымсыз автоматты

- Сымсыз қолмен

- WPS(PBC)

Сымсыз желі қосылымын реттеген кезде өнім
арқылы немесе өнімнің ағымдағы сымды
қосылымы арқылы қосылған барлық сымсыз
желі құрылғылары ажыратылады.

K

Сымсыз (Жалпы) - Автоматты

31-беттегі «Желі қосылымын реттеу» бөлімінің
1-3-қадамдарын орындағаннан кейін.

1 . Желі параметрлері экранында Бастау

тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.
Өнім бар желілерді іздеп, оларды тізім
түрінде көрсетеді.

Желі параметрлері

Жаңарту

WPS(PBC)

Алдыңғы

Бұдан әрі

Болдырмау

Келесі тізімнен сымсыз маршрутизаторды таңдаңыз.

1/10

ELT

JSY

KT_WLAN_C361

Mirhenge_edu

SO070VOIP

iptime23

2 . Қажетті желіні таңдап, E түймесін

басыңыз.

3 . Бұдан әрі тармағын таңдап, E түймесін

қайтадан басыңыз.

4 . Қауіпсіздік экранында желінің қауіпсіздік

кодын немесе құпия сөз тіркесін енгізіңіз.
Қашықтан басқару құралындағы сан
түймешіктерінің көмегімен сандарды
тікелей енгізіңіз. Көрсеткі түймесімен
әріпті таңдап, одан кейін E түймесін басу
арқылы әріптерді енгізіңіз.

5 . Аяқтағаннан кейін экранның оң жағынан

Бұдан әрі тармағын таңдаңыз. Өнім желі
қосылымын тексеріп, одан кейін желіге
қосылады.

|

ЕСКЕРТПЕ

|

\ Қауіпсіздік кодын немесе құпия сөз тіркесін маршрутизаторды

немесе модемді орнатуға пайдаланған орнату экрандарының
бірінен табуға болады.

K

Сымсыз (жалпы) - Қолмен

Сізде статикалық IP мекенжайы болса немесе
Автоматты процедура жұмыс істемесе, Желі
параметрлері мәндерін қолмен орнату қажет
болады.
31-беттегі «Желі қосылымын реттеу» бөлімінің
1-3-қадамдарын орындағаннан кейін.

HT-E4500K_RU_KAZ_0316.indd 32

HT-E4500K_RU_KAZ_0316.indd 32

2012-03-16 오후 6:43:18

2012-03-16 오후 6:43:18

Advertising