Ақаулықты түзету, Тексеру – Инструкция по эксплуатации Samsung WW10H9600EW

Страница 159

Advertising
background image

Казақ - 47

АҚА
УЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Ақаулықты түзету

Тексеру

Егер кір жуғыш машинаға қатысты ақау пайда болса, әуелі келесі кестені қарап, ұсыныстарды пайдаланып көріңіз.

Ақаулық

Шешімі

Кір жуғыш машина іске

қосылмайды.

• Кір жуғыш машинаның тоққа қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Есіктің дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Негізгі дисплейден

Пуск (Бастау) түймешігін қайта басыңыз.

Су жеткіліксіз құйылады

немесе мүлдем

құйылмайды.

• Судың шүмегін толық ашыңыз.
• Су құятын түтіктің қатып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің майысып немесе бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісін тазалаңыз.

Кір жуғыш машина

дірілдейді немесе қатты

шуыл шығарады.

• Кір жуғыш машинаның тегіс еденге орнатылғанына көз жеткізіңіз. Егер еден

тегіс болмаса, деңгейін реттеу үшін деңгейлегіш тіректерді пайдаланыңыз.

• Тасымал болттарының алынып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Кір жуғыш машинаның ешбір затқа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Кір салмағының теңгерімі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.

Кір жуғыш машина су

төкпейді және/немесе

айналдырмайды.

• Су төгетін түтіктің су төгетін жүйеге дейін түзу сызық бойымен төселгеніне көз

жеткізіңіз.

• Қоқыс сүзгісінің ластанып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Есік ашылмайды.

• Кір жуғыш машинаның жұмысын тоқтату үшін

Пуск (Бастау) түймешігін

басыңыз.

• Егер зарарсыздандыру режимі қосылып тұрса, қыздыру циклы кезінде есік

құлыпталып тұрады.

• Бекіту механизмін ағыту үшін бірнеше секунд қажет болуы мүмкін.

Кір жуғыш машинада көп

көпіршік пайда болады.

• Автоподача моющего средства (Авт. жуғыш зат) және Автоподача

кондиционера (Авт. мата жұмсартқыш) параметрлерінің дұрыс көрсетілгеніне

көз жеткізіңіз.

• Ұсынылған жуғыш заттарды пайдаланыңыз.

Қосымша жуғыш зат қоса

алмадым,

• Қалған жуғыш зат пен мата жұмсартқыштың мөлшерін тексеріп, олардың

шегіне жеткеніне көз жеткізіңіз.

• Автораспределитель (Авт. құю) функциясының Жесткость воды (Судың

кермектігі) мен Концентрация (Концентрация) параметрлерінің дұрыс

көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.

Ақаулық сонда да жойылмаса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Untitled-8 47

2014-03-20 �� 12:24:20

Advertising