Орнататын жерде қауіпсіз етіп дайындау, Сақтау және күтім көрсету, Ұрлыққа қарсы қолданылатын кенсингтон құлпы – Инструкция по эксплуатации Samsung PS43F4900AK

Страница 78

Advertising
background image

Орнататын жерде қауіпсіз етіп

дайындау

Ауа жақсы алмасып тұру үшін теледидар мен басқа заттар (мысалы,

қабырға) арасындағы арақашықтықты жеткілікті түрде сақтаңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, өрт шығу қатері орын алып немесе өнімнің

ішкі температурасының жоғарылауы нәтижесінде оған зиян келуі мүмкін.

Теледидарды тұрғыға қойғанда не қабырғалық аспа жинаққа

орнатқанда тек Samsung Electronics бөлшектерін ғана қолданыңыз.

• Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге

зақым келуі не ол құлап қалған жағдайда адам жарақаттануы

мүмкін.

Өнімнің сыртқы көрінісі үлгі түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Теледидарға қол тигізген кезде абай болыңыз, себебі кейбір

бөліктері ыстық болуы мүмкін.

Тұрғыға орнату.

10 cm

10 cm

10 cm

Қабырғалық аспа жинаққа орнату.

10 cm

10 cm

10 cm

10 cm

Сақтау және күтім көрсету

Егер теледидар бейнебетіне жапсырылған

жапсырманы алсаңыз, орнын тазалап содан кейін

теледидарды қараңыз.

Құрылғы корпусының сыртына және бейнебетіне

тазалау барысында сызат түсуі мүмкін. Құрылғы

корпусының сыртына және бейнебетіне сызат түспес

үшін жұмсақ шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.

Құрылғыға су шашуға болмайды.

Құрылғыға кірген кез келген сұйық

зат оны бүлдіруі, өртке себеп болуы

немесе электр қатерін тудыруы

мүмкін.

Құрылғыны аз ғана су сіңірілген

жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

Тұтанғыш сұйықтарды (мысалы,

бензин, сұйылтқыш) немесе

тазалағыш затты қолданбаңыз.

Ұрлыққа қарсы қолданылатын

Кенсингтон құлпы

Samsung компаниясы Кенсингтон құлпымен жабдықтамайды.

Кенсингтон құлпы - құрылғыны қоғамдық жерлерге орнатқан

кезде бекітуге арналған құрал. Құлыптың сыртқы көрінісі және

құлыптау тәсілі өндірушісіне байланысты әр түрлі болып

келеді. Кенсингтон құлпын дұрыс қолдану туралы қосымша

ақпаратты оның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Теледидардың артқы жағындағы “K” таңбасын

табыңыз. Кенсингтон ұяшығы “K” таңбасының артында

орналасқан.

Орналасатын орны мен түсі үлгі түріне қарай әр түрлі

болуы мүмкін.

<Қосымша>

Құрылғыны құрсаулау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1. Кенсингтон құлпының сымын тақта немесе орындық

тәрізді үлкен, орнықты затты айналдыра орап бекітіңіз.

2. Сымның құлып бекітілген ұшын Кенсингтон құлпы

сымының құлақшасы бар ұшынан өткізіңіз.

3. Бекіту құралын құрылғының Кенсингтон ұяшығына

салыңыз.

4. Құлыпты бекітіңіз.

Бұл жалпылама нұсқаулар. Нақты нұсқау алу үшін,

бекіту құралының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Құлып жеке сатылады.

Қазақша - 18

PF4900-RU_KAZ.indd 18

2013-03-21 3:47:05

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: