Кепілдік, Кепілдік міндеттерін талап ету іс- рәсімі, Кепілдік шарттары – Инструкция по эксплуатации Samsung PS43F4900AK

Страница 73: Қазақша, Қазақша - 13

Advertising
background image

Қазақша

КЕПІЛДІК

Samsung компаниясының бұл өніміне, сатылып алынған күннен

бастап ақауы бар бөлшектеріне не ақаулы жұмыс түріне кестеде

(кепілдік мерзімі кестесін ел арқылы тауып қараңыз) көрсетілген мерзім

аяқталғанша кепілдік беріледі. Кепілді қызмет көрсету қажет болған

жағдайда, өнімді алдымен сатып алған сатушыға қайтаруыңыз қажет.

Дегенмен, Samsung өкілетті қызмет көрсету орталықтары бұл кепілдікті

кепілдеме мерзімі барысында орындайды. Қосымша мәліметтер алу

үшін жақын жердегі өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕРІН ТАЛАП ЕТУ ІС-

РӘСІМІ

Кепілдік міндеттерді талап ету үшін Samsung байланыс орталығына

(жоғарыдағы мәліметтерді қараңыз) кепілдеме мерзімі барысында

өнімнің ақаулықтарын талқылау үшін хабарласуыңыз қажет. Егер жөндеу

немесе айырбастау жұмыстарын орындау қажет болса, сізге Кепілдік

шағымы нөмірі мен Уәкілетті қызмет көрсету орталығының мекенжайы

беріледі.
Егер сізге өнімді жөндеу немесе айырбастау үшін Кепілдік шағымы

нөмірі берілсе, өнімді Уәкілетті қызмет көрсету орталығына

төмендегілерді қоса жіберуіңіз керек:
• толтырылған кепілдік картасы, немесе оны Samsung компаниясына

бұрыннан берсеңіз, аты-жөніңіз, мекенжайыңыз және байланыс

телефон нөміріңіз;

• түпнұсқа түбіртегіңіз, шот-фактура немесе өнімді жаңадан сатып

алған кездегі кассалық чек;

• Кепілдік шағымы нөмірі.

Содан кейін Samsung өнімді жөндейді немесе ауыстырады да,

берілген мекенжай бойынша өзіңізге қайтарады.

КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

1. Кепілдік тек жоғарыда аталып өткен кепілдік шағымын рәсімдеу

шарттары орындалса ғана заңды күшке ие.

2. Samsung жауапкершілігі өнімді жөндеу немесе өз шешіміне орай,

өнімді немесе оның ақаулығы бар бөлшегін айырбастаумен ғана

шектеледі.

3. Кепілдеме жөндеулері Samsung өкілетті қызмет көрсету орталығы

арқылы орындалуы тиіс. Samsung компаниясы өкілеттілік бермеген

қызмет орталықтары немесе делдалдар орындаған жөндеу үшін

өтемақы төленбейді және осындай жөндеу жұмысы және осындай

жөндеу жұмысынан туындаған өнімдер зақымы осы кепілдікке

жатпайды.

4. Егер бұл өнімді, аталмыш өнім арналған немесе жасақталған

елден басқа елде қолдану үшін, сол елдегі заң күшіне ие жалпы

заңдар мен техникалық стандарттарға немесе қауіпсіздік

стандарттарына сәйкес келтіру қажет болса, бұндай әрекет, өнім

ақауы бар материалдан жасалған немесе оны жасау барысында

жұмыс ақауы орын алған дегенді білдірмейді. Бұндай өзгертулер

де, олардың салдарлары да бұл кепілдікке кірмейді, және бұндай

шығындардың құны қайтарылмайды.

5. Бұл кепілдікке келесі себептерге байланысты бүлінген немесе

ақаулыққа ұшыраған өнімдер жатпайды, атап айтқанда:

• апат, дұрыс қолданбау немесе зақым келтіру;
• өнімді қалыпты мақсаттарда қолдану қателігі нәтижесінде;
• Samsung компаниясы өндірмеген немесе сатпаған бөлшектерді

қолдану;

• Samsung компаниясының жазулы рұқсатынсыз өзгерту;
• тасымалдау, қараусыз тастау, қуаттың кенет өзгеруі немесе

ақаулық нәтижесінде болған зақым;

• найзағай, су, өрт немесе стихиялық құбылыс нәтижесінде

болған зақым;

• қалыпты тозу және жыртылу; немесе
• хабар тарату әдістерінің айырмашылығы немесе елдер

арасындағы өнім стандарттары.

6. Бұл кепілдік өнімнің кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, оған заңды

түрде иелік ету үшін сатып алған, кез келген сатып алушы үшін

жарайды.

7. ОСЫ КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫНЫҢ ЕШБІР БАБЫ ШЕКТЕУ

НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАҒА

СӘЙКЕС РҰҚСАТ ЕТІЛМЕСЕ, АНЫҚТАЛҒАН SAMSUNG

КОМПАНИЯСЫНЫҢ САЛҒЫРТТЫҒЫНАН ТУЫНДАҒАН ӨЛІМ

НЕМЕСЕ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ЖАРАҚАТЫ ҮШІН SAMSUNG

КОМПАНИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕСІН АЛЫП ТАСТАМАЙДЫ НЕ

ШЕКТЕМЕЙДІ.

8. ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС АЛЫП ТАСТАУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ

ЖАТПАЙТЫН SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ МІНДЕТТЕМЕСІН

ҚОСПАҒАНДА SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ ТӨМЕНДЕГІЛЕР

ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ: SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ

ШЫҒЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНҒАНЫНА

НЕМЕСЕ БІЛГЕНІНЕ ҚАРАМАСТАН ӨНІМДІ САТЫП АЛУДАН,

ПАЙДАЛАНУДАН НЕМЕСЕ САТУДАН ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ

ЖАНАМА ТУЫНДАЙТЫН ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, ЕРЕКШЕ

НЕМЕСЕ КЕЙІНГІ ШЫҒЫНДАР; НЕМЕСЕ ТАБЫСТЫ ЖОҒАЛТУ;

НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУДЫ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЖОҒАЛТУ;

БЕДЕЛ НЕМЕСЕ ІСКЕРЛІК НҰҚСАН.

9. ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС АЛЫП ТАСТАУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ

ЖАТПАЙТЫН SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ МІНДЕТТЕМЕСІН

ҚОСПАҒАНДА, SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕПІЛДІККЕ

НЕМЕСЕ ӨНІМДІ САТЫП АЛУҒА, ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ

САТУҒА СӘЙКЕС НЕМЕСЕ БАЙЛАНЫСТЫ МІНДЕТТЕМЕСІ

ӨНІМГЕ ЖАҢА РЕТІНДЕ ТӨЛЕНГЕН БАҒАДАН АСПАУЫ ТИІС.

10. ОСЫ КЕПІЛДІКТЕ ӨЗГЕ КӨЗДЕЛМЕСЕ, ЗАҢНАМАДАН НЕМЕСЕ

ӨЗГЕ ПАЙДА БОЛАТЫН БАРЛЫҚ ШАРТТАР, КЕПІЛДІКТЕР ЖӘНЕ

ТАЛАПТАР ЗАҢНАМАДА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕҢБЕРДЕ АЛЫНЫП

ТАСТАЛАДЫ.

11. Жоғарыдағы кепілдік шарттары тұтынушы немесе басқа ретінде

Сіздің заңды құқықтарыңызға әсер етпейді.

Қазақша - 13

PF4900-RU_KAZ.indd 13

2013-03-21 3:47:00

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: