Абайлаңыз, Қауіпсіздік шаралары, Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Samsung PS43F4900AK

Страница 72: Техникалық сипаттары (үлгі нөмірі: ssg-5100gb), Қазақша - 12

Advertising
background image

• 3D әсері қарап шығу құралына байланысты басқаша болуы мүмкін.

Егер көзілдірікті киіп және дұрыс емес нұсқаулық алсаңыз, 3D әсерін

толығымен сезбеуіңіз мүмкін.

• Егер 3D көзілдірігінің немесе линзасының бір бөлігі ақаулы немесе

зақымданған болса, оны жөндеу мүмкін емес, көзілдірікті тек

ауыстыру қажет. Егер көзілдірік кепілдік мерзімінде жұмыс істемей

қалса, көзілдірік тегін жөнделеді немесе ауыстырылады. Егер

көзілдірік тұтынушы арқылы зақымдалса немесе кепілдік мерзімі

бітсе, онда жаңа көзілдірікті сатып алуға тура келеді.

АБАЙЛАҢЫЗ!

3D СУРЕТТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ

ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ. СІЗ НЕМЕСЕ БАЛАҢЫЗ 3D

ФУНКЦИЯСЫН ҚОЛДАНУДАН БҰРЫН ТӨМЕНДЕГІ САҚТЫҚ

ШАРАЛАРЫН ОҚЫҢЫЗ.

• Ересектер 3D функциясын қолданып отырған балаларды жиі тексеріп

тұруы тиіс. Егер баланың көзі шаршаса, басы ауырса, басы айналса

немесе құсқысы келсе, баланың 3D ТД көруін дереу тоқтатып,

демалуын қадағалаңыз.

• 3D көзілдірігін күннен қорғайтын көзілдірік, жай көзілдірік, қауіпсіздік

көзілдірігі т.с.с. тәрізді басқа мақсатта қолданбаңыз.

• Кейбір көрермендердің 3D ТД көру барысында басы айналуы,

құсқысы келуі және басы ауруы мүмкін. Бұндай симптомдардың кез

келгенін байқасаңыз, 3D ТД-ын қарауды тоқтатып, 3D көзілдірігін

шешіңіз де дем алыңыз.

• Ұзақ уақыт бойына 3D бейнесін көру көздің талуын тудыруы мүмкін.

Егер көзіңіз талықса, 3D ТД-ын қарауды тоқтатып, 3D көзілдірігін

шешіңіз де, шамалы дем алыңыз.

• 3D функциясын не 3D көзілдірігін жүріп немесе қозғалып жүргенде

қолданбаңыз. 3D функциясын немесе 3D белсенді көзілдірігін

қозғалған кезде қолдану барысында нысанға жүгіру, үстінен өту және/

немесе құлау салдарынан жарақат алуыңыз мүмкін.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Төмендегі қауіпсіздік нұсқаулары сізді жарақаттамау және

құрылғыға зақым келтірмеу үшін арналған. Құрылғыны

дұрыс пайдалану үшін оларды оқып шығыңыз.

• Құрылғыны тікелей күн сәулесі әсер ететін, қызатын жерге, от немесе

су бар жерге қоймаңыз. Бұл өнімнің жұмыс істемеуіне немесе өрт

шығуына себеп болады.

• 3D көзілдірігінің линзаларына қатты күш салмаңыз. Өнімді түсіріп

алмаңыз немесе майыстырмаңыз. Бұл өнімнің жұмыс істемеуіне

себеп болады.

• Тек арнайы стандартты батареяларды қолданыңыз. Батареяны

ауыстырған кезде оны дұрыс кереғарлығымен салыңыз (+, -). Солай

жасамау салдарынан батареяның ішіндегі сұйықтықтың ағуына

байланысты батареяға зақым келуі немесе өрт шығуы, адамды

жарақаттауы немесе зақым келуі мүмкін.

• Балалар батареяны жұтып қоймауы үшін батареяларды балалардың

қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер бала батареяны жұтып қойса,

дереу дәрігеріңізге хабарласыңыз.

• Өнімді тазалаған кезде, суды немесе тазартқышты өнімнің негізгі

сыртына тікелей шашпаңыз. Суды немесе тазартқышты көзілдірікке

тікелей шашу өрт немесе электр тоғының соғуына, құрылғының

сыртын зақымдауы немесе құрылғының сыртындағы көрсету

белгілерінің босауына себеп болуы мүмкін.

• Құрылғыны тазалау үшін құрамында спирт, еріткіш немесе

сурфакант бар немесе балауыз, бензол, еріткіш, инсектицид, ауа

тазартқыш, май немесе тазартқыш зат сияқты химиялық заттарды

пайдаланбаңыз. Бұл құрлығының беткейінің түсінің өзгеруіне немесе

жарылуына және құрылғы беткейіндегі көрсеткіш белгілерінің

босауына себеп болуы мүмкін.

• Өнімнің беті мен линзасына оңай сызат түсетіндіктен, тазалаған

кезде өнімнің бетін немесе линзасын сызып кетпес үшін жұмсақ,

таза шүберекті (өте нәзік талшықтан жасалған мата немесе фланель

мата) қолданыңыз. Шүберекте бөгде зат болса, өнімге сызат

түсетіндіктен, шүберекті қолданар алдында шаңын жақсылап қағып

алыңыз.

• Ешқашан 3D көзілдірігін өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, жөндемеңіз

немесе өзгертпеңіз. Дұрыс емес немесе бұзылған көзілдірікті

қолданбаңыз.

• 3D көзілдірігін киген кезде оның жақтауының жиектеріне көзіңізді

жарақаттап алмаңыз.

• 3D көзілдірігін қолыңызбен киіңіз немесе шешіңіз.

Ақаулықты түзету

Егер ақаулық

тапсаңыз...

Осыны істеп көріңіз...

Менің 3D көзілдірігім

жұмыс істемейді.

• Батареяларды ауыстырыңыз.

• 3D көзілдірігі ТД-ға жақын болуы тиіс. ТД және 3D

көзілдірігінің арасындағы қашықтық тіке сызықпен

6 метрден аз екеніне көз жеткізіңіз.

• ТД-дың 3D функциясы параметрлерін тексеріңіз.

Жарық диоды

жыпылықтай береді

• Батарея қуаты таусылған. Батареяларды

ауыстырыңыз.

Техникалық сипаттары (Үлгі нөмірі:

SSG-5100GB)

Оптика

Ысырмалар

Сұйық кристалл

Өткізу

коэффициенті 36±2%

Ұсынылған көру

қашықтығы

2~6 м (6,5-дан

19,5 футқа дейін)

Өріс

жылдамдығы 120 өріс/с

Салмағы

Көзілдірік

21.5г/.76 унция (батареясымен қоса: 24,0±0,5г)

Қуаты

Көзілдірік

Бір 3 В литий/марганец диоксидті батарея

3V(CR2025)

Қуат тұтынуы

Көзілдірік

0,85 мА (Орташа)

Батарея

Түрі

165 mAh, 3.0 В (CR2025)

Қосулы кездегі

жұмыс істеу

уақыты

150 ñàғàò

Жұмыс істеу

шарттары

Ортаның

температурасы

10°C 40°C 50°F 104°F

-20°C 45°C -4°F 113°F

~

10°C 40°C 50°F 104°F

-20°C 45°C -4°F 113°F

(10°C 40°C 50°F 104°F

-20°C 45°C -4°F 113°F

~

10°C 40°C 50°F 104°F

-20°C 45°C -4°F 113°F

)

Сақтау

температурасы

10°C 40°C 50°F 104°F

-20°C 45°C -4°F 113°F

~

10°C 40°C 50°F 104°F

-20°C 45°C -4°F 113°F

(

10°C 40°C 50°F 104°F

-20°C 45°C -4°F 113°F

~

10°C 40°C 50°F 104°F

-20°C 45°C -4°F 113°F

)

Өнімнің техникалық сипаттар өнімнің өнімділігін жақсарту үшін

ескертусіз өзгертуге болады.

Өнімді үздіксіз іске қосу уақыты сымсыз байланыс ортасына және

қолдану жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Қазақша - 12

PF4900-RU_KAZ.indd 12

2013-03-21 3:46:59

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: