Ақпарат кодтары – Инструкция по эксплуатации Samsung WW12H8400EW-LP

Страница 136

Advertising
background image

Казақ - 40

Ақпарат кодтары

Егер кір жуғыш машина жұмыс істемей қалса, дисплейден ақпарат кодын көруіңіз мүмкін. Келесі кестені қарап,

ұсыныстарды орындап көріңіз.

Ақаулық

Шешімі

dE

• Есіктің дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
• Есікке кір қыстырылып қалмағанын тексеріңіз.

4E

• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Кір жуғыш машинаның жұмыс қысымының жеткілікті екенін тексеріңіз.
• Тор сүзгіні тазалаңыз, оған қоқыс тұрып қалуы мүмкін.

5E

• Қоқыс сүзгісін тазалаңыз, оған қоқыс тұрып қалуы мүмкін.
• Су төгетін түтіктің су төгетін жүйеге дейін еш жерінің бұратылып қалмағанына көз

жеткізіңіз.

UE

• Кірдің теңгерімі жоқ. Кірді біркелкі таратып салыңыз.

cE/3E/Uc

• Бұны пайдаланушы жөндей алмайды. Samsung қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Егер дисплейде ақпарат коды қайта-қайта пайда бола берсе, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Untitled-9 40

2014-03-31 �� 2:37:57

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: