Инструкция по эксплуатации Samsung PS50C530C1W

Страница 157

Advertising
background image

37

Казақ

05

Басқ
а м

ағлұм

атт

ар

Ақаулық

Шешімі және түсіндірмесі

Сурет шықпайды, видео көрсетілмейді
Теледидар іске қосылмайды.

• Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.

• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Теледидардың

POWER

түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне

байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, төмендегі “Қашықтан басқару пульті

жұмыс істемейді” тармағын қараңыз.

Теледидар автоматты түрде сөніп

қалады.

Sleep Timer құралының Setup мәзірінде Off қалпына қойылғанын тексеріңіз (б. 19).

• Егер ДК теледидарға жалғанып тұрса, ДК қуат параметрлерін тексеріңіз.

• Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.

• Теледидарды антенна немесе кабель арқылы қарап отырғанда, теледидар егер сигнал жоқ болса, 10

~ 15 минуттан кейін сөніп қалады.

Сурет/видео жоқ.

• Сым қосылымдарын тексеріңіз.(теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын ағытып

алыңыз да, қайта жалғаңыз)

• Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Спутниктік ресивер, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығысын,

теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Егер сыртқы құрылғының шығысы HDMI

болса, оны теледидар HDMI кірісіне жалғау керек.

• Жалғанған құрылғының электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.

• Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі

SOURCE

түймешігін басып, теледидар сигналының көзін

дұрыс таңдаңыз.

• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.

РЖ (Кабель/Антенна) қосылымы
Теледидар арналардың барлығын

көрсетпейді.

• Антенна сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.

• Бар арналарды арна тізіміне қосу үшін,

Plug & Play (параметрлерді бастапқы орнату) параметрін

қолданып көріңіз.

MENU

-

Setup - Plug & Play (параметрлерді бастапқы орнату) параметрінде,

сақталуға тиіс бар арналардың көрсетілуін күтіңіз (б. 7).

• Антеннаның дұрыс орында тұрғанын тексеріңіз.

Сурет бұзылып көрсетіледі: үлкен

текше, кішкене текшелер, нүктелер,

пикселдер

• Бейнежазба мазмұнын "қысу", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдері тәрізді тез қозғалыстағы

видеоны көрсеткен кезде суреттің сапасы бұзылуы мүмкін.

• Әлсіз сигнал суретті бұзады. Бұл теледидарға қатысты мәселе емес.

ДК қосылымы
“Mode Not Supported” жазуы көрсетіледі. • ДК шығыс ажыратымдылығы мен жиілігін, теледидар қолдау көрсете алатын ажыратымдылықтарға

сай келтіріп орнатыңыз (б. 23).

“ДК” кіріс көздері тізімінде, тіпті ДК

теледидарға жалғанбаса да көрсетіліп

тұрады.

• Бұл қалыпты жағдай, “ДК” кіріс көздері тізімінде, тіпті ДК теледидарға жалғанбаса да әрқашан

көрсетіліп тұрады.

Видео жақсы көрсетіледі, бірақ аудио

жоқ.

• Егер HDMI қосылымын қолданып отырсаңыз, ДК аудио шығыс параметрін тексеріңіз.

Басқа мәселе
Сурет экранда толық көрсетілмейді.

• HD арналары, SD (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде экранның қайбір жағына қара жолақ қалдырып

отырады.

• Геометриялық өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын фильмдерде, бейнебеттің

үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.

• Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетті толық

көрсетілетін етіп реттеңіз.

Қашықтан басқару пульті жұмыс

істемейді.

• Қашықтан басқару пульті батареяларының (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.

• Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.

• Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.

Плазма теледидарынан ызылдаған

дыбыс шығады.

• Әдетте плазма теледидарынан ақырын ызылдаған дауыс шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бұл суретті

бейнебетке шығару үшін қолданылатын электр зарядтарының әсерінен пайда болады.

• Егер ызыңдаған дауыс қатты шықса, теледидардың жарықтылығы өте жоғары деңгейде тұруы мүмкін.

Жарықтылық мәнін төмендетіп көріңіз.

• Сонымен қатар, плазма теледидарының артқы жағы қабырғаға немесе беті қатты затқа тым тақата

қойылса да, ызыңдаған дауыс шығуы мүмкін. Қосылым сымдарын басқаша төсеп көріңіз.

• Қабырғалық аспа жинақ дұрыс орнатылмаса да, шамадан тыс шуыл шығуы мүмкін.

[PC530]BN68-02693B-RU.indb 37

2010-05-11 오후 5:11:05

Advertising