Басқа мағлұматтар – Инструкция по эксплуатации Samsung PS50C530C1W

Страница 156

Advertising
background image

36

Казақ

Басқа мағлұматтар

Troubleshooting

Теледидарға қатысты қандай да бір сұрағыңыз болса, алдымен осы тізімді қараңыз. Егер ақаулықты түзету үшін берілген

кеңестердің біреуі де көмектеспесе, “www.samsung.com” торабының қолдау көрсету бөліміне барыңыз немесе осы нұсқаулықтың

артқы мұқабасында көрсетілген байланыс орталығына хабарласыңыз.

Ақаулық

Шешімі және түсіндірмесі

Суреттің сапасы

Ең алдымен, теледидар сынақ бейнені дұрыс көрсететін-көрсетпейтінін тексеру үшін

Picture Test сынағын

өткізіңіз. (ол үшін мына қадамды орындаңыз:

MENU

-

Support - Self Diagnosis - Picture Test) (б. 22)

Сынақ үшін көрсетілетін бейне дұрыс көрсетілмесе, бейненің сапасы сигнал көзіне байланысты нашар

көрсетілуі мүмкін.

Теледидар бейнені дүкенде тұрған

кездегідей жақсы көрсетпейді.

• Аналогты кабель/спутниктік ресивер бар болған жағдайда, сандық спутниктік ресиверге ауысу керек.

HDMI не Component сымдарын, сурет сапасы жоғары ажыратымдылықта көрсетілу үшін қолданыңыз.

• Кабель/Спутниктік сигнал абоненті: Арналардың ішінен жоғары ажыратымдылық станциясын

таңдаңыз.

• Антенна қосылымы: Авто бағдарламаларды орындағаннан кейін жоғары ажыратымдылық

станцияларын қосып көріңіз.

Көптеген жоғары ажыратымдылықтағы арналар, стандартты ажыратымдылықтағы арна мазмұндары

сапасын жақсарту негізінде жасалған.

• Кабель/спутниктік ресивер шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p қалпына қойыңыз.

• Теледидарды сигналдың өлшемі мен анықтамасына сай ұсынылған ең минимум қашықтықта қарап

отырғаныңызға көз жеткізіңіз.

Сурет бұзылып көрсетіледі: үлкен

текшелер, кішкене текшелер, нүктелер,

пикселдер

• Бейнежазба мазмұнын "қысу", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдері тәрізді жылдам

қозғалыстағы видео көрсетілген кезде суреттің сапасын бұзуы мүмкін.

• Сигналдың төмен немесе сапасының нашар болуы, суреттің бұзылып көрсетілуіне себеп болуы

мүмкін. Бұл теледидарға қатысты мәселе емес.

• Ұялы телефондарды теледидарға жақын тұрып қолдансаңыз (шамамен 1м), аналогты және сандық

теледидар арқылы көрсетілетін суреттер бұрмалануы мүмкін.

Түсі теріс немесе түстер жетіспейді.

• Компонент қосылымын қолданып отырсаңыз, компонент сымдарының дұрыс ұяшықтарға жалғанғанын

тексеріңіз. Теріс немесе босаң қосылымдар, түс мәселесінің орын алуына немесе бейнебеттің бос

көрсетілуіне себеп болуы мүмкін.

Түс немесе жарықтылық сапасы нашар.

• Теледидар мәзірінен

Picture параметрлерін түзетіңіз. (мына қадамдарды орындаңыз: Picture mode /

Colour / Brightness / Sharpness) (б. 15)

• Теледидар мәзірінен

Energy Saving параметрлерін түзетіңіз. (мына қадамдарды орындаңыз:

MENU

-

Picture - Eco Solution - Energy Saving) (б. 15)

• Суреттің әдепкі параметрлерін көру үшін, оның бастапқы параметрлерін орнатып көріңіз. (мына

қадамдарды орындаңыз:

MENU

-

Picture - Picture Reset) (б. 17)

Экранның шетінде нүктелерден тұратын

сызық пайда болады.

• Егер суреттің өлшемі

Screen Fit қалпында тұрса, оны 16:9 қалпына қойыңыз (б. 16).

• Кабель/Спутниктік ресивердің ажыратымдылығын өзгертіңіз.

Сурет ақ немесе қара болып көрінеді.

• Аудио-видео сигналын қолдансаңыз, видео сымын (сары) теледидардағы 1-ші компонент

құрылғысының жасыл ұяшығына жалғаңыз.

Арналарды ауыстырған кезде, сурет

қимылсыз қалады не бұзылып немесе

баяу жылжиды.

• Егер теледидарға кабель қорапшасы жалғанып тұрса, оны қайта жалғап көріңіз. AC сымын қайта

жалғап, кабель қорапшасы қайта іске қосылғанша күтіңіз. Бұған 20 минуттай уақыт кетуі мүмкін.

• Кабель қорапшасының шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p қалпына қойыңыз.

Үнділік сапасы

Ең алдымен, теледидардың аудио параметрлерінің дұрыс орнатылғанын тексеру үшін

Sound Test сынағын өткізіп

көріңіз. (ол үшін мына қадамды орындаңыз:

MENU

-

Support - Self Diagnosis - Sound Test) (б. 22)

Аудио дұрыс тұрса, үнділікке қатысты мәселе сигналдың көзіне байланысты болуы мүмкін.

Ешбір дыбыс жоқ немесе үнділік

параметрі ең жоғары деңгейге қойылса

да, дауыс ақырын шығады.

• Теледидарға жалғанған сыртқы құрылғының үнділігін тексеріңіз.

Сурет жақсы көрсетілсе де, үнділік жоқ.

Speaker Select параметрін, үнділік мәзірі арқылы TV speaker қалпына қойыңыз (б. 18).

• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, аудио сымдардың теледидардағы аудио кіріс ұяшықтарына дұрыс

жалғанғанын тексеріңіз.

• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, құрылғының аудио шығыс параметрін (мысалы, теледидарға HDMI

жалғанып тұрса, кабель қорапшасының аудио параметрін, HDMI параметріне қойғыңыз келуі мүмкін)

тексеріңіз.

• DVI құрылғысын HDMI сымы арқылы жалғаған кезде, бөлек аудио сымы қажет етіледі.

• Теледидарыңызда құлаққап ұяшығы бар болса, оған ешнәрсе қосылмай тұрғандығын тексеріңіз.

Үндеткіштер жағымсыз шуыл шығарып

түр.

• Сымдардың қосылымдарын тексеріңіз. Видео сымының аудио ұяшыққа жалғанып тұрмағанын

тексеріңіз.

• Антенна немесе кабель қосылымдары бар болса, сигнал қарқынын тексеріңіз. Әлсіз сигнал үнділікті

бұзуы мүмкін.

[PC530]BN68-02693B-RU.indb 36

2010-05-11 오후 5:11:05

Advertising