Ақаулықтарды жою – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-E5550K

Страница 127

Advertising
background image

Қазақша

61

|

07

Қосымша

Ақаулықтарды жою

Осы өнім дұрыс жұмыс істемегенде, төмендегі кестені қараңыз. Егер орын алған проблема төменде
берілмесе немесе төмендегі нұсқаулар көмектеспесе, құрылғыны өшіріп, қуат сымын суырыңыз да,
ең жақын өкілетті дилерге немесе Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Белгі

Тексеру/шешімі

Диск шығарылмайды.

• Қуат сымы розеткаға мықтап жалғанған ба?

• Қуатты ажыратып, қайта қосыңыз.

Ойнатылу басталмайды.

• Blu-ray/DVD дискісінің аймақ нөмірін тексеріңіз. Шетелден сатып алынған Blu-ray/DVD дискісі

ойнатылмайды.

• Бұл өнімде CD-ROM және DVD-ROM дискілері ойнатылмайды.

• Рейтинг деңгейінің дұрыс екенін тексеріңіз.

Ойнату/кідірту түймесі
басылғанда, ойнату бірден
басталмайды.

• Пішіні бұзылған немесе беті сызылған диск қолданылып жатқан жоқ па?

• Дискіні тазалап сүртіңіз.

Дыбыс шықпайды.

• Үй кинотеатры жылдам ойнату, жай ойнату және қадамдық ойнату кезінде дыбысты ойнатпайды.

• Үндеткіштер дұрыс қосылған ба? Үндеткіш параметрлері дұрыс реттелген бе?

• Диск қатты зақымданған ба?

Дыбыс барлық 6
динамиктен емес, тек бір-екі
динамиктен шығады.

• Кейбір BD/DVD дискілерінде дыбыс тек алдыңғы динамиктер арқылы шығады.

• Динамиктердің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

• Дыбыс деңгейін реттеңіз.

• Ықшам диск, радио немесе теледидар тыңдап жатқанда, дыбыс тек алдыңғы динамиктерден

шығарылады.

Dolby Digital 5.1 арналы
көлемді дыбыс берілмейді.

• Дискіде «Dolby Digital 5.1 CH» белгісі бар ма? Dolby Digital 5.1 арналы көлемдік дыбыс

диск 5.1 арналы дыбыспен жазылғанда ғана беріледі.

• Ақпараттық экранда дыбыс тілі Dolby Digital 5.1-CH етіп дұрыс орнатылған ба?

Қашықтан басқару құралы
жұмыс істемейді.

• Қашықтан басқару құралын оның жұмыс ауқымында және сенсорға қатысты дұрыс бұрышта пайдаланып

отырсыз ба?

• Батареялардың заряды бітті ме?

• Қашықтан басқару құралының режим (TV/BD) функциялары (TV немесе BD) таңдалған ба?

• Диск айналып жатыр,

бірақ бейне жоқ.

• Сурет сапасы нашар және

дірілдейді.

• Теледидардың қуаты қосылған ба?

• Бейне кабельдері дұрыс жалғанған ба?

• Диск кір немесе зақымданған ба?

• Нашар жасалған диск ойнатылмауы мүмкін.

Дыбыс тілі және субтитрлер
істемейді.

• Дыбыс тілі және субтитрлер дискінің құрамында болмаса жұмыс істемейді.

Мәзір функциясы таңдалса
да, мәзір экраны
көрсетілмейді.

• Ішінде мәзірлері жоқ диск пайдаланылып жатқан жоқ ба?

HT-E5500K_RU_KAZ_0228.indd 61

HT-E5500K_RU_KAZ_0228.indd 61

2012-02-28 오후 3:40:17

2012-02-28 오후 3:40:17

Advertising