Радио тыңдау – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-E5550K

Страница 117

Advertising
background image

Қазақша

51

|

05

Мультимедианы Ойнату

Кодтау

Кодтау – ол тілге немесе географиялық
аймаққа байланысты өзгереді – өнімнің
файлдарды немесе жолдарды сұрыптау,
реттеу және көрсету, күндерді көрсету
жолын, т.б. өзгертеді. Кодтау параметрін
кодтауды өз тіліңізге немесе географиялық
аймағыңызға сай болатындай өзгерту
үшін таңдаңыз.

Ақпарат

Құрылғы файлын және мазмұн ақпаратын
көрсетеді.

|

ЕСКЕРТПЕ

|

\ Дискіге немесе сақтау құрылғысына байланысты Құралдар

мәзірі басқаша болуы мүмкін. Барлық параметрлер
көрсетілмеуі мүмкін.

Радио тыңдау

Қашықтан басқару құралындағы
түймелерді пайдалану

1 . FM тармағын таңдау үшін, FUNCTION

түймесін басыңыз.

2 . Қажетті станцияға реттеңіз.

• 1-реттеуді алдын ала орнату : PRESET

параметрін таңдау үшін, 5 түймесін
басыңыз, одан кейін алдын ала
орнатылған станцияны таңдау үшін
TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

- Алдын ала орнатылған станцияларды

реттеместен бұрын, алдын ала
орнатылған станцияларды алдымен
өнім жадына қосуыңыз керек.

• Қолмен реттеу : MANUAL параметрін

таңдау үшін, 5 түймесін, одан кейін
төменгі немесе жоғарғы жиілікте реттеу
үшін 5 TUNING/CH (,.) түймесін
басыңыз.

• Автоматты түрде реттеу : MANUAL

параметрін таңдау үшін, 5 түймесін
басыңыз, одан кейін жиілікті автоматты
түрде іздеу үшін, TUNING/CH (,.)
түймесін басыңыз.

Моно/стерео параметрін орнату

MO/ST түймесін басыңыз.

• Түйме басылған сайын, дыбыс СТЕРЕО және

МОНО арасында ауысады.

• Нашар қабылдау аймағында анық, кедергісіз

тарату үшін МОНО параметрін таңдаңыз.

Станцияларды алдын ала орнату

Мысалы: FM 89.10 станциясын жадқа алдын ала
орнату.
1 . FM тармағын таңдау үшін, FUNCTION

түймесін басыңыз.

2 . <89.10> тармағын таңдау үшін, TUNING/

CH (,.) түймесін басыңыз.

3 . TUNER MEMORY түймесін басыңыз.

• НӨМІР дисплейде жыпылықтайды.

4 . TUNER MEMORY түймесін қайтадан

басыңыз.

• НӨМІР параметрі дисплейден өз бетінше

жоғалмастан бұрын, TUNER MEMORY
түймесін басыңыз.

• TUNER MEMORY түймесі басылғаннан

кейін, НӨМІР сөзі дисплейден жоғалады
және станция жадта сақталады.

5 . Басқа станцияны алдын ала орнату үшін,

2-4-ші қадамдарды орындаңыз.

• Алдын ала орнатылған станцияға реттеу

үшін, TUNING/CH (,.) түймесін
басыңыз.

Арнайы әсерлер қашықтан
басқару түймелерін пайдалану

SOUND EFFECT функциясы

SOUND

EFFECT

Дыбысты оңтайландыратын режимді таңдауға мүмкіндік
береді.

1. SOUND EFFECT түймесін басыңыз.

2. Қажетті режимді таңдау үшін, ▲▼ түймесін басыңыз:

DSP, Dolby Pro Logic II немесе SFE режимі.

3. Қажетті дыбыс әсерін таңдау үшін, ◄► түймелерін

басыңыз.

K

DSP

MP3 Enhancer

 Power Bass  Virtual 7.1 Өшіру

• MP3 Enhancer : Дыбыс тәжірибесін (мысалы, mp3

музыканы) күшейтуге көмектеседі. MP3 деңгейіндегі
дыбысты (24 кГц, 8 бит) ықшам диск деңгейіндегі дыбысқа
(44,1 кГц, 16 бит) көтеруге болады.

• Power Bass : Басс үндерінің дыбыс деңгейін көбейтіп,

үнсіз дыбыс әсерін береді.

• Virtual 7.1 : 5.1 арналы динамик жүйесі арқылы 7.1

арналы дыбыс әсерін қолданады.

• Өшіру : Қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

HT-E5500K_RU_KAZ_0228.indd 51

HT-E5500K_RU_KAZ_0228.indd 51

2012-02-28 오후 3:39:56

2012-02-28 오후 3:39:56

Advertising