Мультимедианы ойнату – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-E5550K

Страница 116

Advertising
background image

|

50

Қазақша

Мультимедианы Ойнату

Жібер

Жіберу параметрін таңдалған файлдарды
Picasa, Facebook, Cloud Storage, N
Drive немесе Family Story тораптарына
кері қотару үшін таңдаңыз.

Жіберу параметрін пайдалану үшін,
желідегі тораппен тіркелгі орнатып, Кіру
функциясын пайдаланып кіруіңіз керек.

1. Файлды таңдау үшін, ▲▼◄►

түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін
E түймесін басыңыз.

2. Кері қотарылатын әрбір жол не файл

үшін қайталаңыз.

|

ЕСКЕРТПЕ

|

\ Сондай-ақ, барлық жолдарды немесе

файлдарды таңдау үшін, оң жақтағы
Барл-н таңдау параметріне өтіп,
E түймесін басуыңызға болады.

3. Оң жақтағы Жібер параметрін

таңдап, E түймесін басыңыз.

4. Файлдар немесе жолдар кері

қотарылатын желідегі торапты
таңдау үшін, ▲▼ түймелерін
пайдаланыңыз, одан кейін E
түймесін басыңыз.

Кіру / шығу

Кіру/шығу функциясы сізге желідегі
Samsung тіркелгісіне кіруге мүмкіндік
береді.

Ойн. тіз-е қосу

Ойнату тізімін жасау немесе ойнату
тізіміне файлдарды не жолдарды қосу
үшін таңдаңыз.

1. Ойн. тіз-е қосу, параметрін таңдап,

E түймесін басыңыз.

2. Жолды немесе файлды бөлектеу

үшін, ▲▼◄► түймелерін
пайдаланыңыз, одан кейін E
түймесін басыңыз.

3. Қосу қажет әрбір жол немесе файл

үшін қайталаңыз.

4. Оң жақтағы Қосу параметрін таңдап,

E түймесін басыңыз.

5. Пайда болатын экранда келесі

әрекеттердің бірін орындаңыз:

• Жолдар немесе файлдар қосылатын

ойнату тізімін таңдап, E түймесін
басыңыз.

• Жаңа жасау параметрін таңдап, E

түймесін басыңыз. Пайда болатын
пернетақта қалқымалы терезесінде
жаңа ойнату тізімі үшін атау жасаңыз.
Қашықтан басқару құралындағы
сандарды пайдаланып нөмірлерді
енгізіңіз. Жүгіргіні жылжыту үшін,
▲▼◄► түймелерін пайдаланып,
одан кейін E түймесін басу арқылы
әріптерді енгізіңіз. Аяқтаған кезде,
экранның төменгі жағындағы ДАЙЫН
параметріне өтіп, E түймесін
басыңыз.

Жою
(Ойнату тізімі)

Қарап жатқан экранға байланысты,
өшірілетін құрылғыдан (USB құрылғысы
сияқты) файлды өшіру немесе ойнату
тізімін жою үшін Жою параметрін
таңдаңыз.

Ойн. тіз. өзг-у

Ойнату тізімін өзгерту параметрін бар
тізімнен файлдарды немесе жолдарды
жою үшін таңдаңыз. Ойнату тізімі бар
сақтау құрылғысы өнімге салынуы немесе
тіркелуі тиіс.

1. Файлды таңдау үшін, ▲▼◄►

түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін
E түймесін басыңыз.

2. Жою қажет әрбір жол немесе файл

үшін қайталаңыз.

|

ЕСКЕРТПЕ

|

\ Сондай-ақ, барлық жолдарды немесе

файлдарды таңдау үшін, оң жақтағы
Барлығын таңдау параметріне өтіп,
E түймесін басуыңызға болады.

3. Оң жақтағы Жою параметрін таңдап,

E түймесін басыңыз.

Ағымдағы
топты ойнату

Орындаушы, Жанр, Альбом, Тақырып,
Ең соңғы күн, Ең алдыңғы күн немесе Ай
сайын параметрі бойынша сұрыптаған
соң, сұрыптау нәтижесі (мысалы, тамыз
айында түсірілген барлық суреттер) болып
табылатын топты таңдаңыз, одан кейін
тек сол топтағы файлдарды ойнату немесе
қарау үшін Ағымдағы топты ойнату
параметрін таңдаңыз.

Ойнату тізіміне
өту

Негізгі AllShare экранының Ойнату тізімі
бөліміне өту үшін таңдаңыз.

HT-E5500K_RU_KAZ_0228.indd 50

HT-E5500K_RU_KAZ_0228.indd 50

2012-02-28 오후 3:39:55

2012-02-28 오후 3:39:55

Advertising