Байланыстар, Жағдай : түпқоймаға орнату – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D7500

Страница 178

Advertising
background image

28

Қазақша

Байланыстар

Blu-ray дискісінің ойнатқышын орнату

Ойнатқышты түпқоймаға орнатуға немесе қабырғаға ілуге болады.

Ойнатқышты орнатқанда, диск салуға мүмкіндік болатындай орын қалғанын тексеріңіз.

Бос орын қалдырмаса, ойнатқыш дұрыс істемейтін болады.

орнатудың сақтық шаралары

• Ойнатқыш орнатылатын қабырға тегіс және тік болу керек.

• Ойнатқышты температурасы мен ылғалдылығы жоғары жерлерде және құрылғы салмағын көтере

алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.

• Қабырға беріктігін тексеріңіз. Қабырға ойнатқыш орнатылатындай берік болмаса, орнатпас бұрын

қабырғаны міндетті түрде күшейту керек.

• Қабырғаның қандай материалдан жасалғанын тексеріңіз. Егер қабырға гипс тақтасынан,

мәрмәрдан немесе темір тақтадан жасалған болса, тиісті молли бұрандалары мен бекіткіш

бұрандаларды сатып алып, пайдаланыңыз.

• Ойнатқышты орнатпас бұрын, сыртқы құрылғылардың (теледидар, т.б.) барлық кабельдерін

жалғаңыз.

• Ойнатқыш гипс тақтасынан жасалған қабырғаға (құрғақ қабырғаға) орнатылатын болса, онда

қабырғаның арғы бетіне жалпақ тығырық орнатып, ұстағыш бұрандаларды тығырыққа бұрап

қоюды ұсынамыз.

• Ток соғу қаупін алдын алу үшін, ойнатқышты орнатпас бұрын өшіру керек.

• Орнатылған ойнатқышқа асылмаңыз және оны соқпаңыз.

• Құрылғыны қабырғаға құламайтындай етіп бекітіңіз. Құрылғы құласа, жарақат алынуы немесе өнім

бұзылуы мүмкін.

• Ойнатқышты қабырғаға балалар жалғанған кабельдерді тартпайтын етіп орнатыңыз. Әйтпесе,

ойнатқыш құлап кетуі мүмкін.

1-жағдай : түпқоймаға орнату

Түпқойманы орнату үшін, түпқойма ұстағышын Blu-ray диск ойнатқышының төменгі жағындағы

ойыққа кіргізіңіз.

02031Q-BD-D7500,D7500B,D7500E-RU-KAZ-TSEC-.indb 28

2012-01-12 오전 11:09:38

Advertising