Байланыстар, Кабельдік желі – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D7500

Страница 176

Advertising
background image

26

Қазақша

Байланыстар

Желіге қосылу

Бұл ойнатқыш Smart Hub және BD-LIVE сияқты желіде істейтін қызметтерді (57-66 беттерді қараңыз),

сондай-ақ желіге қосылып тұрғанда бағдарламалық құрал жаңартуларын пайдалануға мүмкіндік береді.

Байланыс үшін AP (Кіру нүктесін) немесе IP маршрутизаторын пайдалану ұсынылады. Маршрутизатор

байланыстары туралы қосымша ақпаратты маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз

немесе техникалық көмек алу үшін маршрутизатор өндірушісіне хабарласыңыз.

Кабельдік желі

1. Жергілікті желіге тікелей қосу кабелінің (UTP кабелі) көмегімен ойнатқыштың жергілікті желі

ұясын модемнің немесе маршрутизатордың жергілікті желі ұясына жалғаңыз.

2. Желі опцияларын орнату үшін, 39-43 беттерді қараңыз.

ЕСКЕРТПЕ

` Қолданылатын маршрутизаторға немесе Интернет провайдерінің саясатына байланысты, Samsung компаниясы шығарған

бағдарламалық құрал жаңартуларының серверіне Интернет арқылы кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін

Интернет провайдеріне хабарласыңыз.

` DSL пайдаланушылары желіге қосылу үшін маршрутизаторды қолдануы қажет.
` AllShare функциясын қолдану үшін, компьютерді желіге суреттегідей жалғау керек.

Байланыс сымды немесе сымсыз болуы мүмкін.

Кең жолақты

байланыс қызметі

Кең жолақты байланыс модемі

(маршрутизаторы ішіне орнатылған)

Маршрутизатор

Кең жолақты байланыс модемі

Кең жолақты

байланыс қызметі

Немесе

AllShare функциясын пайдалану

үшін компьютермен желі орнату

02031Q-BD-D7500,D7500B,D7500E-RU-KAZ-TSEC-.indb 26

2012-01-12 오전 11:09:37

Advertising