Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D7500
Страница 175
Қазақша
25
04
Байланыстар
2-жағдай: дыбыс жүйесіне (Dolby
Digital немесе DTS декодері бар AV
ресивер) жалғау - Жақсырақ сапа
1. Оптикалық кабель арқылы ойнатқыштың
DIGITAL AUDIO OUT (ОПТиКАЛЫҚ) ұясын AV
ресивердегі DIGITAL AUDIO IN (ОПТиКАЛЫҚ)
ұясына жалғаңыз.
2. Бейне сигнал кабел(ьдер)і арқылы ойнатқыштың
HDMI немесе A/V OUT ұясын теледидардың
HDMI немесе VIDEO IN ұясына жалғаңыз.
(22-23 беттерді қараңыз)
3. Ойнатқышты, теледидарды және AV
ресиверді қосыңыз.
4. Ойнатқыштан дыбыс шығару және сыртқы
кіріс сигналын таңдау үшін AV ресивердің
кіріс сигналын таңдау түймесін басыңыз.
AV ресивердің дыбыстың кіріс сигналын
реттеу үшін, AV ресивердің пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
5. Бейне көзін (HDMI немесе Бейне) таңдау
үшін, теледидардың қашықтан басқару
құралындағы кіріс сигналының таңдағышын
басыңыз.
3-жағдай: дыбыс жүйесіне
(Стерео күшейткіш) жалғау -
Жақсы сапа
1. Дыбыс/бейне кабелі арқылы ойнатқыштағы
A/V OUT (сары) ұясын стерео құрылғының
AUDIO IN (қызыл және ақ) ұясына жалғаңыз.
2. Бейне сигнал кабел(ьдер)і арқылы
ойнатқыштың HDMI ұясын теледидардың
HDMI ұясына жалғаңыз немесе дыбыс / бейне
кабелінің сары сымын теледидардың AV In
ұясына жалғаңыз. (22-23 беттерді қараңыз)
3. Ойнатқышты, теледидарды және стерео
күшейткішті қосыңыз.
4. Ойнатқыштың дыбысын шығару үшін, стерео
күшейткіштің кіріс сигналын таңдау түймесін
басып сыртқы кіріс сигналын таңдаңыз. Стерео
күшейткіш дыбысының кіріс сигналын орнату
үшін, стерео күшейткіштің пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
5. Бейне көзін (HDMI немесе Бейне) таңдау үшін,
теледидардың қашықтан басқару құралындағы
кіріс сигналының таңдағышын басыңыз.
✎
ЕСКЕРТПЕ
` 2-жағдайда сипатталған сандық дыбыс байланысы пайдаланылған жағдайда, дыбыс тек алдыңғы динамиктерден шығып,
«Цифровой выход» параметрі PCM күйіне орнатылады.
` Дыбыс / бейне кабелі арқылы теледидарды жалғау үшін, ұзартқыш кабельді сары бейне сымына жалғау қажет болуы мүмкін.
Ұзартқыш кабель пайдаланылса, оның бір ұшында RCA штепсельдік қосқыш, ал екінші ұшында RCA ұясы болуы керек.
Ақ
Қызыл
2-жағдай: Оптикалық
кабелі (жинаққа кірмейді)
3-жағдай :
Дыбыс/бейне кабелі
02031Q-BD-D7500,D7500B,D7500E-RU-KAZ-TSEC-.indb 25
2012-01-12 오전 11:09:37