Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H6550WK

Страница 83

Advertising
background image

18

- Қазақша

Параметрлер

Динамикалық диапазонды бақылау

Динамикалық диапазонды бақылау мүмкіндігін
Dolby Digital, Dolby Digital Plus және Dolby TrueHD
аудио жүйесіне қолдануға мүмкіндік береді.

 Авто: Dolby TrueHD дыбыс жолындағы ақпарат

негізінде Dolby TrueHD дыбысының динамикалық
диапазонын автоматты түрде басқарады. Сондай-
ақ, Dolby Digital және Dolby Digital Plus үшін
динамикалық диапазон басқаруын өшіреді.

 Өшіру: динамикалық диапазонды қыспай,

бастапқы дыбысты естуге мүмкіндік береді.

 Қосу: барлық үш Dolby пішімі үшін динамикалық

диапазон бақылауын қосады. Әлсіз дыбыстар
күшейтіледі және қатты дыбыстардың деңгейі
төмендетіледі.

Төмендету режимі

Стерео жүйемен үйлесімді бірнеше арналы
араластыру әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Өнімді төмен араластыруды Қалыпты стерео
немесе Көлемді дыбыспен үйлесімді
параметріне реттеуді таңдауға болады.

Аудио синхр.

Өнім сандық теледидарға тіркелгенде, дыбыс
бейнемен синхрондалуы үшін бейне кідірісін
реттеуге мүмкіндік береді. Кідірісті 0 және 300
миллисекунд арасында орнатуға болады.

Аудио синхр. ішіндегі Авто функциясының
ARC функциясын (Anynet+ функциясын)
қолдайтын Samsung теледидарымен жұмыс
істейтініне кепілдік берілген.

Желі

Желі күйі

Ағымдағы желі және Интернет күйін тексеруге
мүмкіндік береді.

Желі параметрлері

Интернет қызметтері немесе AllShare Wi-
Fi мүмкіндігі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді
пайдалану және бағдарламалық құралды жаңарту
үшін желі қосылымын конфигурациялауға
мүмкіндік береді.

Wi-Fi Direct

Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі
арқылы Wi-Fi Direct құрылғысын өнімге қосуға
мүмкіндік береді. Өнім сымсыз желіге қосылған
болса, Wi-Fi Direct байланысын қолданғанда ол
ажыратылуы мүмкін екенін ескеріңіз. (23-бетті
қараңыз)

Wi-Fi Direct функциясы қолданылып жатқанда,
.TXT немесе .DOC кеңейтімі бар файлдар
сияқты мәтіндік файлдар көрсетілмейді.

Мультимедиа құрылғы параметрлері

Желідегі смартфон мен планшеттер сияқты басқа
құрылғылардың өніммен мазмұнды бөлісе алуына
мүмкіндік береді.

Құрылғы атауы

Өнімге анықтамалық атау тағайындауға
мүмкіндік береді. Бұл атауды өнімге сыртқы Wi-
Fi құрылғыларын (смартфондар, планшеттер, т.б.)
қосқанда, оны анықтау үшін пайдалана аласыз.

BD-Live параметрлері

Түрлі BD-Live функцияларын орнатуға мүмкіндік
береді. BD-Live функциясы Интернетке қосылып
отырсаңыз, кейбір Blu-ray дискілерінде болатын
қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік
береді.

 BD-Live интернет қосылымы : BD-Live

интернет қосылымына толығымен рұқсат беруге,
жартылай рұқсат беруге немесе тыйым салуға
мүмкіндік береді.

 BD деректерді басқару : BD-Live қызметінен

немесе Blu-ray дискінен жүктелген BD деректерін
басқарады.

BD-Live функциясын пайдалану үшін USB
сақтау құрылғысын үй кинотеатрының USB
портына қосу керек.

Smart Hub

VOD рейтингтік құлпы

Бағалауға негізделген VОD (сұрау бойынша
бейне) мазмұнына кіруді құлыптауға мүмкіндік
береді. Пайдалану үшін қауіпсіздік PIN кодын
енгізуіңіз қажет. Экранда сандық пернетақта
пайда болғанша 123 түймесін басып тұрыңыз.
Сандық пернетақта пайда болған кезде

78:;

түймесі арқылы санды таңдап,

OK

түймесін

басыңыз.

Әдепкі қауіпсіздік PIN коды: 0000.

Елге байланысты бұл мәзірге қолдау
көрсетілмеуі мүмкін.

HT-H6550WK-RU_KAZ-0522.indd 18

HT-H6550WK-RU_KAZ-0522.indd 18

2014-05-22 2:15:42

2014-05-22 2:15:42

Advertising