Мазмұнды ойнату – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H6550WK

Страница 105

Advertising
background image

40

- Қазақша

Мазмұнды Ойнату

Жіберу

Таңдалған файлдарды желідегі тораптарға
(Picasa, Facebook, т.б.) немесе құрылғыға
жүктеп қою үшін Жіберу параметрін таңдаңыз.
Желідегі торапта Жіберу функциясын пайдалану
үшін, сол торап үшін есептік жазба орнатып, Log
In (Кіру) функциясын пайдаланып оған кіруіңіз
керек. Жіберу функциясы негізінен музыка,
фотосуреттер және бейнелер үшін бірдей жұмыс
істейді. Жалпы нұсқауларды 40-беттегі «Жіберу
функциясын пайдалану» бөлімінен көріңіз.

Ақпарат

Сурет ақпаратын көрсетеді.

Диск түріне немесе жад құрылғысына байланысты
Параметр. мәзірі әртүрлі болуы мүмкін. Барлық
параметрлер көрсетілмеуі мүмкін.

Фондық әуен функциясын қосу үшін, фотосурет
файлы музыка файлымен бір жад құрылғысында
болуы тиіс. Дегенмен, дыбыс сапасына MP3
файлының бит жылдамдығы, фотосуреттің өлшемі
және кодтау әдісі әсер етуі мүмкін.

Субтитрді және КГ графикасын толық экран
режимінде үлкейтуге болмайды.

Фотосурет файлдарының тізімі
көрсетілгенде Сұрыптау реті және
Параметр. мәзірлерін пайдалану

Тек фотосуреттерді көрсету үшін Сүзгі(

)

функциясын, содан кейін Фотосурет-р тармағын
таңдаңыз.

Өнім барлық мазмұн түрлерін қамтитын
қалталарды көрсеткенімен, ол тек таңдалған
мазмұн түріне жататын файлдарды көрсетеді.
Мысалы, Фотосурет-р тармағын таңдаған
болсаңыз, тек фотосурет файлдарын көре
аласыз.

Фотосурет файлдарының тізімі көрсетілген экранда
78:; түймелерін пайдаланып жоғарғы оң
жақтағы Сұрыптау реті немесе Параметр.
тармағын таңдаңыз да,

OK

түймесін басыңыз.

Фотосурет-р

Сұрыптау реті

 Күн

Мультимедиадағы немесе жад құрылғысындағы
барлық фотосурет файлдарын күні бойынша
топтастырады. Сол топтағы фотосуреттерді
көрсету үшін топты басыңыз.

 Атауы

Мультимедиадағы немесе жад
құрылғысындағы барлық фотосурет
файлдарын тақырыбы бойынша көрсетеді.

 Қалта

Мультимедиадағы немесе жад құрылғысындағы
барлық қалталарды көрсетеді.

Параметр.

 Слайд көрмесі

Слайдшоуды бастайды. Ағымдағы қалтадағы
барлық файлдарды бірінен кейін екіншісін
көрсетеді. Фотосуреттердің таңдалған
тобымен слайдшоу жасағыңыз келсе, төмендегі
«Таңдал-н ойнату» функциясын қараңыз.

 Таңдал-н ойнату

Таңдал-н ойнату функциясы ойнату үшін
нақты файлды таңдауға мүмкіндік береді.
Ол негізінен барлық құрылғы үшін бірдей
жұмыс істейді. 34-беттегі «Өзіңіз жазған
медиа құрылғымен (ықшам дискілер, USB
құрылғылары, т.б.) Таңдалғанды ойнату
функциясын пайдалану» бөлімін көріңіз.

 Жіберу

Таңдалған файлдарды желідегі тораптарға
(Picasa, Facebook, т.б.) немесе құрылғыға
жүктеп қою үшін Жіберу параметрін таңдаңыз.
Желідегі торапта Жіберу функциясын
пайдалану үшін, сол торап үшін есептік жазба
орнатып, Log In (Кіру) функциясын пайдаланып
оған кіруіңіз керек.

Диск түріне немесе жад құрылғысына байланысты
Параметр. мәзірі әртүрлі болуы мүмкін. Барлық
параметрлер көрсетілмеуі мүмкін.

Жіберу функциясын пайдалану

1. Жіберу функциясын таңдау үшін,

78

түймелерін пайдаланыңыз да, одан кейін

OK

түймесін басыңыз. Таңдау экраны көрсетіледі.

2. Суретті таңдау үшін,

78 түймелерін

пайдаланыңыз, одан кейін

OK

түймесін

басыңыз. Суреттің сол жағында құсбелгі пайда
болады.

3. Қосымша суреттерді таңдау және құсбелгі қою

үшін, 2-қадамды қайталаңыз.

4. Суретті тізімнен жою үшін, суретке өтіп,

OK

түймесін қайтадан басыңыз. Суреттегі құсбелгі
алынады.

5. Аяқтаған соң, Жіберу функциясын таңдау

үшін

78 түймесін, одан кейін

OK

түймесін

басыңыз. Фотосуреттерді жіберуге болатын
желідегі тораптар (Picassa, Facebook, т.с.с.)
немесе құрылғылар тізімі берілген Send
(Жіберу) қалқымалы терезесі ашылады.

HT-H6550WK-RU_KAZ-0522.indd 40

HT-H6550WK-RU_KAZ-0522.indd 40

2014-05-22 2:16:40

2014-05-22 2:16:40

Advertising