Bluetooth құрылғысын пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-H6550WK

Страница 102

Advertising
background image

37

- Қазақша

Мазмұнды Ойнату

Микрофон D. IN, AUX, HDMI, FM және BT
режимдерінде жұмыс істемейді.

Караоке бағасы параметрі Қосу мәніне
орнатылған және микрофон қосылған болса,
караоке ұпайлары автоматты түрде көрсетіледі.
Ұпайды көрсетуді қаламасаңыз, микрофонды
ажыратыңыз.

Негізгі мәзір экранда пайда болып, 10 секунд
өткеннен кейін микрофонды қолдануға болады.

Bluetooth құрылғысын пайдалану

Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз
тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын пайдалануға
болады!

Bluetooth дегеніміз не?

Bluetooth — Bluetooth үйлесімді құрылғыларға
сымсыз байланысты пайдаланып бір-бірімен оңай
өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін технология.

• Bluetooth құрылғысы мына жағдайларда

ызылдауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін:

- денеңіздің бір бөлігі Bluetooth құрылғысының

немесе үй кинотеатрының қабылдау/тарату
жүйесіне тиіп тұрғанда.

- қабырға, бұрыш немесе кеңсені бөлу

тудыратын кедергілерден токтың өзгерулері
әсер еткенде.

- бірдей жиілік диапазонындағы құрылғылардан

соның ішінде, медициналық жабдықтан, қысқа
толқынды пештерден және сымсыз жергілікті
желілерден шығарылатын электр кедергілері
әсер еткенде.

• Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысын бір-

біріне жақын кезде жұптастырыңыз.

• Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысы

арасындағы қашықтық алыстаған сайын сапа
нашарлайды. Егер қашықтық Bluetooth жұмыс
ауқымынан асса, қосылыс үзіледі.

• Сигналды қабылдау сезімталдығы төмен

аймақтарында Bluetooth қосылысы дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.

• Үй кинотеатрының тиімді қабылдау ауқымы

ешқандай кедергі болмаған жағдайда барлық
бағыттарда 10 метрге дейін жетеді. Құрылғы
бұл ауқымнан тыс болса, қосылым автоматты
түрде үзіледі. Осы ауқым ішінде болғанда да,
дыбыс сапасы қабырғалар немесе есіктер сияқты
кедергілер арқылы төмендеуі мүмкін.

• Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электр

кедергілерін тудыруы мүмкін.

Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысына

қосу

Қосу

Bluetooth құрылғысы

Бастамай тұрып, Bluetooth құрылғысы Bluetooth
үйлесімді стерео гарнитура функциясын
қолдайтынын тексеріңіз.

1. BT хабарын көрсету үшін, қашықтан басқару

құралындағы

SOURCE

түймесін басыңыз.

2. Қосылу қажет Bluetooth құрылғысында

Bluetooth мәзірін таңдаңыз. Нұсқауларды
Bluetooth құрылғысының нұсқаулығынан
қараңыз.

3. Bluetooth құрылғысында Стерео құлақаспап

мәзірін таңдаңыз.

• Құрылғылар тізімін көресіз.

4. Табылғандар тізімінен «[HTS]Hxxxxx» тармағын

таңдаңыз.

• Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысына

қосылып тұрғанда қосылған Bluetooth
құрылғысының атауы, одан кейін үй
кинотеатрының атауы үй кинотеатрының
алдыңғы дисплейінде көрсетіледі.

5. Қосылған құрылғыда музыканы ойнатыңыз.

• Қосылған Bluetooth құрылғысында ойнап

жатқан музыканы үй кинотеатры жүйесінен
тыңдай аласыз.

Үй кинотеатры тек сапасы орташа SBC
деректерін (48 кГц жылдамдығында 237 кбит/
сек-қа дейін) қолдайды және сапасы жоғары
SBC деректерін (44.1 кГц жылдамдықта 328
кбит/сек) қолдамайды.

AVRCP функциясына қолдау жоқ. Қосылған
құрылғының техникалық сипаттамаларына
байланысты оның функциялары әр түрлі
болады.

Тек A2DP профилін қолдайтын Bluetooth
құрылғысына қосыңыз.

Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын
жұптауға болады.

HT-H6550WK-RU_KAZ-0522.indd 37

HT-H6550WK-RU_KAZ-0522.indd 37

2014-05-22 2:16:32

2014-05-22 2:16:32

Advertising