Сақтандыру шаралары – Инструкция по эксплуатации Samsung WD806U2GAWQ
Страница 92
4_ Қазақша
Бұларды мұқият ұстаныңыз.
Осы бөлімді оқып болғаннан кейін сізге болашақта керек болып қалатын ақпаратты іздеу
үшін сенімді жерде сақтаңыз.
Осы машинаны пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Бұл машинға да кез келген басқа құралдар сияқты электр қуаты мен қозғалмалы
бөлшектер қолданылатындықтан өте қауіпті. Машинамен қауіпсіз жұмыс жүргізу
үшін оның қалай істейтіндігімен танысыңыз және оны пайдаланған кезде күтім
жасаңыз.
Балаларға (немесе үй жануарларына) өзіңіздің кір
жуғыш машинаңызда немесе соның ішінде ойнауына
жол бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігін іштен
ашу өте қиын, сондықтан балалар машинаның
ішінде қалып қойса, қатты зақым келуі мүмкін.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар
ғана қолдануға тиіс және кембағал, сезім жүйесі
дамымаған немесе ақыл-есі кем, құрылғыны
қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін
адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі
жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті
адамның қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс. Балалар
үлкендердің қарауынсыз тазалау немесе күтім
көрсету жұмыстарын орындамауға тиіс.
Балалардың машинамен ойнамайтындығына сенімді
болу үшін оларға қарап жүріңіз.
Егер аша (қорек сымының) бүлініп қалса, қатерлі
жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе
өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам
ауыстыруға тиіс.
Бұл құрылғыны розеткаға, су құятын шүмектер мен
су төгетін құбырларға жақын жерге орнату керек.
Желдеткіш саңылаулары табанында орналасқан
кір жуғыш машиналардың, табанындағы желдеткіш
саңылауларын, кілем не басқа заттар бөгеп
тастамағанын тексеріңіз.
Жаңа түтіктер жинағын қолдану керек, ескі түтіктерді
қайта қолдануға болмайды.
есКерту
Сақтандыру шаралары
WD806U2GA-03344B-02_KK.indd 4
2014/5/24 14:21:47