Инструкция по эксплуатации Samsung SC07F80HB

Страница 53

Advertising
background image

Қауіпсіздік туралы ақпарат

_05

• Құрылғыны қауіпсіздік ережелерімен танысқан жасы 8-ге

толған балалар мен ересектер, сондай-ақ мүмкіндіктері
шектеулі немесе тəжірибесі жеткіліксіз адамдар,
құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы
нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша
пайдалана алады. Балаларға құрылғымен ойнауға
тыйым салынған. Балаларға ересектердің бақылауынсыз
құрылғыны тазалауға жəне жөндеуге тыйым салынған.

• Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру

керек.

• Құрылғыны тазалау немесе оған күтім көрсету жұмыстарын

жүзеге асыру үшін ашаны розеткадан суыру керек.

• Ұзартқыш сымды қолдану ұсынылмайды.
• Егер шаңсорғыш дұрыс жұмыс істемей тұрса, тоқтан

ажыратып, уəкілетті қызмет көрсету маманына
хабарласыңыз.

• Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін

оны өндіруші немесе өндірушінің уəкілетті агенті немесе
білікті адам ауыстыруға тиіс.

• Шаңсорғышты түтігінен ұстап алып жүрмеңіз.

Шаңсорғыштың тұтқасынан ұстаңыз.

• Шаңсорғыш қолданылмай тұрғанда тоқтан суырыңыз.

Тоқтан суырар алдында қуат тетігін сөндіріңіз.

УЛЬТРАКҮЛГІН ШӨТКЕ

• Ультракүлгін шөткеден келетін ультракүлгін сəулелер

тері мен көзге зақым келтіретін болғандықтан, сəуленің
ешқашан теріге немесе көзге түсуіне жол бермеңіз
жəне ультракүлгін шөткені балаларға немесе үлкен
жастағы адамдарға пайдалануға бермеңіз. Егер дұрыс
пайдаланбаса, адамның көзіне зақым келтіруі мүмкін.

• Егер мөлдір терезе сынып, ультракүлгін сəуле тура

шығып тұрса, тоқты сөндіріп, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.

• Ультракүлгін шөткені матадан жасалған матрастарды,

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: